Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

2016 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ ағымдағы көрсеткіштері


                                                              2016 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ ағымдағы көрсеткіштері

Алматы, Қазақстан – 2016 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы шамамен 6,35 трлн. теңгені құрады. Шарттардың барлық түрі бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,15 млн. бірліктен асты, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен жасалғаны шамамен 9,7 млн. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны – 405 713 бірлік, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша 39 075 бірлік.

Таза инвестициялық табыс сомасы - 378,82 млрд. теңге, бұл өткен жылғы ұқсас кезеңдегіден (156,63 млрд. теңге) 222,19 млрд. теңгеге артық. Сонымен қатар, БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы активтері бойынша жылдық табыстылық (2015 жылғы шілде – 2016 жылғы шілде) 17,7% деңгейіндегі құнсызданудан асып, 19,1%-ды құрады. 2016 жыл басынан бергі табыстылық 6,4%-ды құрады, бұл ұқсас кезеңдегі құнсыздану деңгейінен (5,2%) 1,2%-ға жоғары.

Жыл басынан бері БЖЗҚ жасаған зейнетақы төлемдері мен аударымдары 106,58 млрд. теңге мөлшеріндегі соманы құрады, бұған 10,95 млрд. теңге мөлшеріндегі сақтандыру ұйымдарына аударымдар кірді.

Әрбір салымшы (алушы) кез келген күнге өз ЖЗШ-ындағы жинақтары туралы 236 БЖЗҚ бөлімшесінің бірінен немесе Қор сайты арқылы «Интернет-үзінді көшірме» бөлімінен біле алады. Сондай-ақ салымшыларда (алушыларда) өз зейнетақы шотын түрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы бақылау мүмкіндігі бар. 2016 жылғы 1 тамызда ұялы қосымша жүктеп алуының жалпы саны 267,6 мыңға жетті. Көшбасшы – Android, осы платформадағы қосымша 215,6 мың рет жүктеп алынған, бұл барлық жүктеудің 80,6%-ын құрайды. Екінші орында iOS: iPhone және iPad үшін қосымшаны 47,1 мың рет жүктеп алған, үшінші орында Windows Phone – 4,9 мың жүктеп алу.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат (инвестициялық табыс ескерілген) беру» қызметі іске қосылған 2015 жылдың ақпан айынан бастап 2016 жылғы 1 тамызға дейін электрондық үкімет порталы арқылы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан 315 мыңнан астам үзінді көшірме берілген.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін көтеру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының прокуратурасы mng.prokuror.kz/kaz/sub/mangistau
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми интернет - ресурсы http://mangystau.gov.kz/