Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

БЖЗҚ туралы 5 сауал


  1. БЖЗҚ-дағы салымшылардың жалпы саны және зейнетақы жинақтарының сомасы бүгінде қандай

2016 жылғы 1 тамыздашарттардың барлық түрібойыншасалымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,15 млн. бірліктен асты, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен жасалғаны шамамен 9,7 млн. Міндеттікәсіптікзейнетақыжарналарыбойыншасалымшылар саны – 405 713 бірлік, ал еріктізейнетақыжарналарыбойынша 39 мыңнан астамбірлік. Зейнетақыжинақтарының жалпы сомасы 6,35 трлн. теңгеден асты.

  1. Аннуитет шарттар дегеніміз не?

Қолданыстағы заңнама аясында «БЖЗҚ» АҚ-дан (БЖЗҚ) зейнетақы төлемдерін «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңында (Заң) көзделген белгілі бір жағдайлар орын алған кезде алуға болады. Ең алдымен, зейнетақы төлемдерін алу құқығы БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және зейнет жасына толған тұлғаларға беріледі

Сонымен қатар мүгедектiгімерзiмсiз болып белгiленетін болса, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектерзейнетақы төлемдерін алуға құқылы.

Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасау арқылы белгіленген зейнет жасынан бұрын зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар тұлғаларды бөлек атап көрсетуге болады.Зейнетақы аннуитеті шарты – сақтандыру шарты, оған сәйкес сақтанушы (зейнетақы төлемдерін алушы) сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтарының сомасын беруге міндеттенеді, ал сақтандыру ұйымы сақтанушының (зейнетақы төлемдерін алушының) пайдасына өмір бойы немесе белгілі бір уақыт кезеңіндесақтандыру төлемдерін жасауға міндеттенеді.

Заңның 31-бабының ережелеріне сай ең аз зейнетақы мөлшерiнен кем емес төлемдi қамтамасыз етуге зейнетақы жинақтары жеткiлiктi болған кезде міндетті зейнетақы төлемдері есебінен зейнетақы төлемдерін алуға:

55 жасқа толғанерлер;

50 жасқа толғанәйелдердер (2016 жылғы 1 наурыздан бастап),

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 50,5 жасқа толғанәйелдердер;

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 51 жасқа толғанәйелдердер;

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 51,5 жасқа толғанәйелдердер;

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 52 жасқа толғанәйелдердер;

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 52,5жасқа толғанәйелдердер;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 53 жасқа толғанәйелдердер;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 53,5 жасқа толғанәйелдердер;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 54 жасқа толғанәйелдердер;

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 54,5 жасқа толғанәйелдердер;

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 55 жасқа толғанәйелдердер құқылы.

Зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігі сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шартының талаптарымен анықталады, зейнетақы жинақтарын аудару туралы шешім қабылдай отырып, шартпен өте мұқият танысу қажет.

3.Шартты-жинақтаушықұрамдауыш дегеніміз не? Оның зейнетақыға әсері қандай? 

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыстағы жинақтаушы зейнетақы жүйесіне өзгерістер, яғни шартты-жинақтаушы құрамдауыш немесе жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) енгізіледі

Ол үшін БЖЗҚ-да әрбір қызметкерге шартты зейнетақы шоттары ашылатын болады, қызметкердің атынажұмыс беруші өз қаражаты есебінен қызметкердің айлық табысынан 5% мөлшерінде ЖМЗЖ аударатын болады. Жаңа ЖМЗЖ артықшылығы – жұмыс беруші жарна салып отырған зейнеткер бұл құрамдауыштан зейнетақыны өмір бойына, тіптен шартты зейнетақы шотындағы қаражат таусылып қалса да алады (жинап келгенде кемінде 60 күнтізбелік ай ЖМЗЖ аударылған жағдайда).

  1. Салымшы қайтыс болған жағдайда,зейнетақы жинақтары кімге, қалай және қандай көлемде мұраға қалдырылады? 

Міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарын заңнамада белгіленген тәртіппен өсиетхат бойынша да, заң бойынша да мұраға алуға болады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің ережелеріне сай мұрагерлер заң бойынша кезектілік тәртібімен мұрагерлікке шақырылады. Заң бойынша мұрагер болу құқығынбірінші кезектемұра қалдырушының балалары, сондай-ақ оның жұбайы (зайыбы) мен ата-анасы тең үлеспен алады. Бірінші кезектегі мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагер болу құқығынекінші кезектемұра қалдырушының бір әке, бір шешеден туған және әкесі немесе шешесі бөлек аға-інілері мен апа-қарындастары (сіңлілері), сондай-ақ оның әкесі жағынан да, анасы жағынан да атасы мен әжесітең үлеспен алады.Егер бірінші және екінші кезектегі мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагер болу құқығынүшінші кезекте мұра қалдырушының әкесімен бірге туған ағалары мен апалары, нағашы ағалары мен нағашы апалары тең үлеспен алады. Егер бірінші, екінші және үшінші кезектегі мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагер болу құқығынмұра қалдырушының алдыңғы кезектегі мұрагерлеріне жатпайтын үшінші, төртінші және бесінші туыстық дәрежесіндегі туыстары алады. 

Заңнамада белгіленген тәртіппен мұрагерлік құқық ресімделген және зейнетақы жинақтарын төлеуге қажет құжаттар БЖЗҚ-ға берілген соңзейнетақы жинақтары мұрагерлергезейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініште көрсетілген банк шотына аударылады.

5. Қазақстан аумағындағышетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғаларміндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініш беріп,ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасайала ма? 

Заңның 2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар, егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады.

Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар жеке басты куәландыратын құжаты (шетелдіктер үшін тұруға ықтиярхат, азаматтығы жоқ тұлғалар үшіназаматтығы жоқ тұлғаның кәуілігі) болған кездеҚордың кез келген бөлімшесіне міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішпен бара алады. Сол жерде ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасауға болады.


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының прокуратурасы mng.prokuror.kz/kaz/sub/mangistau
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми интернет - ресурсы http://mangystau.gov.kz/