Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Аудан әкімінің мемлекеттік бағдарламалар бойынша есеп беруі 2015 жыл


«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының 1-бағыты  бойынша  2 адамға  35,0 млн. теңгеге  несие  берілді.

Оның ішінде, пайыздық ставкасын субсидиялау мен кепілдендіруге жеке кәсіпкер Б.Құсымбаевқа жеке меншік емдеу орталығына медициналық құрал-жабдықтар алу үшін 15,0 млн.теңге,  «Жаңа Орпа 2» ЖШС–на негізгі құралдарға инвестиция салу үшін 20,0 млн.теңге қаржысы алынып берілді.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 2015 жылы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Маңғыстау облысы бойынша филиалының өкілдері «Бизнес-кеңесші» оқу семинарын өткізіп, 85 адам сертификат алды.

1 сортты ұнға, одан пісірілген нан бағасын тұрақтандыру үшін  5  нан пісіретін наубайханамен меморандумға отырылып, «Бейнеу астық терминалынан» наубайханаларға белгіленген бағамен  ұн алынып берілді.

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ арқылы 2015 жылы  10 вагон 640 тонна 1- сортты ұн алдырылды.

Ауданда 22 газ құю бекеті жұмыс жасайды, қазіргі таңда баға тұрақты.

Ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары арқылы өнеркәсіптік өнімдердің маңызды түрлерін өндіру бойынша (қиыршық тас карьерлері, «Каспийцемент» ЖШС) 296,8 млрд теңге өнім өндірді.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы құрылысына ЖСҚ дайындауға 5,0 млн. теңге, Жыңғылды селосы Аграрлық (индустриялық) аймаққа агроиндустриялық аймақтың тоқ желісі мен  газ құбырын тартуға және әкімшілік ғимаратының құрылысына ЖСҚ дайындауға 30,0 млн. теңге бөлініп, жобалық сметалық құжаттары жасақталуда.

«Үдемелі индустриялы-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Маңғыстау облысының Индустрияландыру картасына «Шетпе Сулары LTD» ЖШС-нің 225,0 млн. теңгеге құрайтын минералды су шығаратын,  «Карьертау» ЖШС жалпы құны 300,0 млн.теңге құрайтын темір бетон зауыты инвестициялық жобалары енгізілді.   

Аталған жобалар Маңғыстау облысының Аймақтық Үйлестіру Кеңесінде 2015 жылдың маусымында қаралып, аймақтық Индустрияландыру картасына еніп отыр.

«Карьертау» ЖШС жалпы құны 300,0 млн.теңге құрайтын темір бетон зауыт жобаларын жүзеге асыру жөніндегі құжаттары облыстық индустриялды-инновация басқармасына тапсырылып, құрылыс жұмыстарын жүргізу 2016 жылға жоспарланып отыр.

Жалпы ауданда бүгінгі күнде  270 дүкен (оның ішінде 150 азық-түлік дүкені), 16 тойхана, 23 көлік жөндеу және жуу орталығы,  80 қызмет көрсету орталығы (газ-22, тігін цехы-24, дәмхана-16, шаштараз-18) барлығы 389 кәсіпкерлік обьектілері халыққа қызмет көрсетуде. 2015 жылы да бірнеше жеке кәсіпкерлік нысандар ашылып, халық игілігіне берілді. Шетпе селосында жеке «Шаңырақ» гипермаркеті, «Сәт-Сапар» супермаркеті, Қарашоқы шағын ауданынан «Қадірлі» супермаркетінің филиалы, Ащыбұлақ шағын ауданынан монша, жеке дәріхана мен емдеу орталығы, Өтес селосынан  шайхана,  Ащыбұлақ-1 шағын ауданынан және орталықтан балық дүкендері ашылып, пайдалануға берілді.

«Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында

Ауданға қарасты 12 селолық округ болса, соның қазіргі уақытта 10 селосына «Ақбұлақ» бағдарламасы  (сумен жабдықтау жүйесін дамыту) бойынша су жүйесі тартылған.

Қазіргі таңда Тұщыбек селосының селоішілік су құбыры құрылысын 2015 жылы бастауға бюджетті нақтылау кезінде 76,780 млн теңге қаржысы бөлініп, мемлекеттік сатып алу бойынша «Хазар Мұнай Газ Құрылыс» ЖШС – і жеңіп алып, қазіргі кезде өз жұмыстарын жасауда.

Жаңа Орпа-1 тұрғын массивтерінің су құбыры құрылысына 14 103,0 мың теңге бөлініп, жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Аудан бойынша селоішілік су құбыры тартылмай тұрған жалғыз елді мекен Жыңғылды селосы және Жармыш селосы қайта құрылымдауды қажет етеді.

Бұл ауылдардың да селоішілік су құбырын тартуға ЖСҚ дайын тұр.

Жыңғылды селосын ауыз сумен жабдықтау  құрылысының жобалық сметалық құжаттамасы дайын. Құны 817 688 000 мың теңге.

Жармыш селосында кентішілік суқұбырын салу және қайта құрылымдау жұмысы (299 487,0 мың теңге) Шетпе селосындағы Жаңа Орпа-2, Ащыбұлақ тұрғын-үй массивтерін сумен жабдықтау құрылысы (552 016,0 мың теңге), Шетпе селосы Қосбұлақ-2 шағын ауданының бірінші тұрғын үй массивіне кентішілік су құбырын салу (70 560,0 мың теңге), Шетпе селосы Қосбұлақ-2 шағын ауданының 2-ші тұрғын үй массивіне кентішілік су құбырын салу (631 838,0 мың теңге) құрылыстарының жобалық-сметалық құжаттамалары дайын тұр.

Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша

Ақшымырау селосында жеке тұрғын үйлерді электрмен жабдықтау құрылысы бойынша бөлінген 10 млн.теңге қаржы игеріліп, құрылыс жұмысы аяқталды.

“Қолжетімді баспана – 2020” бағдарламасы бойынша

2015 жылы Онды, Ақшымырау, Тұщықұдық, Жыңғылды селоларында  “Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы бойынша 4 пәтерлі муниципиалдық тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен 95,628,0  млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталды.

Сонымен бірге осы бағдарлама аясында Жармыш селосындағы 4 пәтерлі муниципиалдық тұрғын үй құрылысына  22,780,0 млн.теңге қаралды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс нысаны 2016 жылдың бірінші жарты жылдығында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Аудан бойынша пайдалануға берілген үй көлемі 48,0 мың шаршы метр (2014 жылы 2996,4 мың шаршы метр, 2015 жылы 47,7 мың шаршы метр). Соңғы жылдары тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде.

Шетпе селосы Ащыбұлақ – 2 шағын ауданынан 2010 – 2012 жылдар аралығында екі пәтерлік 30 (отыз) муниципалдық тұрғын үй салынып пайдалануға берілсе, 2013 жылы «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы аясында Қосбұлақ -2 шағын ауданынан  төрт пәтерлік 10 муниципалдық тұрғын үй және 2014 жылы тағы да  төрт пәтерлік 5 муниципалдық тұрғын үй құрылысы аяқталып, күні бүгінде  52 отбасына жалдау шартымен қоныстану құқығы берілді.

Оның ішінде,  9–мемлекеттік, бюджеттік сала қызметкерлері, 2 – ҰОС ардагері немесе оған теңестірілгендер, 11 ата–ана қамқорлығынан айырылған балалар,24 – тұрмысы төмен отбасы,6 –тұрғын үйі авариялық деп танылған азаматтар.

Сонымен бірге ауылға келген мамандарға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 138 740 теңге бір жолғы көтерме жәрдемақы, 2 973 000 теңге көлемінде тұрғын үй алу үшін несиелер берілді.

2015 жылы 70 маманға (барлығы 9 712 000 мың теңге) көтерме жәрдемақы берілсе (47 білім беру саласы маманы, 23 денсаулық сақтау саласы маманы), тұрғын үй сатып алуы үшін 51 маманға (барлығы 149 180 500 мың. теңге) бюджеттік кредит берілді (36 маман білім саласы, 15 маман денсаулық саласы).

Көтерме жәрдемақы мен тұрғын үй сатып алуға несиеге сұраныс көп. Күні бүгінде 30 маманның құжаттары дайын.

  Транспорттық инфраструктураны дамыту

  Автомобиль жолдары туралы

Маңғыстау облысында аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы - 541,2 шақырым болса, оның 298,6 шақырымын (55 %) Маңғыстау ауданындағы аудандық маңызы бар автомобиль жолдары құрайды.

2015 жылға аудандық дәрежедегі жолдарды күтіп ұстау мен ағымдағы жөндеу жүргізуге–334 239 000 теңге бөлініп, жыл соңында қаржы толықтай игерілді.

Аудандық маңыздағы ұзындығы 298,6 шақырым автомобиль жолын күтіп ұстау және ағымдағы жөндеу жұмысы «Абат» ЖШС кестеге сай жасады.

Бөлінген қаржыға Шетпе – Онды – Ұштаған (60 км) жолына толықтай ағымдағы жөндеу жұмысы жасалынды және Шетпе – Қызан – Ақшымырау, Шетпе–Тұщықұдық–Шебір селоларына баратын қатқыл табанды автокөлік жолы ай сайын күреліп отырылды.

2013 жылы облыс әкімінің тапсырмасына сай «Шетпе–Қызан» автомобиль жолының қайта құрылымдау жұмысына жобалық–сметалық құжаттама жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өткізілген болатын.

2014 жылы осы «Шетпе – Қызан» автомобиль жолының 6 шақырымы асфальттанған болса, 2015 жылы  600 000,0 мың теңге қаржы бөлініп, 10 шақырым жолға асфальт төселді.

Сонымен қатар, 2015 жылы Шетпе селосындағы Базарлы ауылының екі көшесін асфальттау жұмысына 44 000,0 мың теңге қаржы бөлініп, 1,6 шақырым жолға асфальт төселді.

Шетпе селосы әкімдігінің алдындағы автокөлік жолына  (1 шақырым) 11 134,0 мың теңге қаржы бөлініп, асфальт төселді.

Жыл аяғында аудан орталығынан 50 орындық жаңа автобекет ашылды. Бұл нысанға 96 млн,теңге қаржы бөлінген болатын.

Сонымен бірге, 2015 жылы бюджеттен 20,0 млн теңге қаржы бөлініп, «Дария» МКК-на 3 арнаулы техника (1-водавоз, 1-газель, 1-манипулятор) сатып алынды.

«Маңғыстау жылу, су» МКК арқылы 1 860,4 мың теңгеге Шетпе селосындағы полигонға электронды таразы сатып алынды.

Сондай–ақ, 65 млн.теңгеге Жыңғылды, Шетпе, Тұщықұдық, селоларына  талшықты байланыс жүйесі тартылды.

2015 жылы Онды, Ұштаған селоларына талшықты байланыс жүйесін тартуға жобалық–сметалық құжаттама жасақтауға 6 000,0 мың теңге қаржы бөлініп, жобалық–сметалық құжаттама жасақталды, қазір мемлекеттік сараптама қорытындысын алуға тапсырылды.

«Каспий Цемент» ЖШС-і демеушілігімен Шетпе селосы теміржол бекетінен жаяу жүргіншілерге арналған өткел құрылысына  48 200,0 мың теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша жеңімпаз болып танылған «СМК – Атамекен» ЖШС өткел құрылысын салуда. Жақын күндері пайдалануға беріледі деп жоспарлап отырмыз.

Шетпе селосы орталығындағы Ішкі Істер ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аталған ғимарат алдындағы автокөлік жолы қиылысына бағдаршам орнатылды.

Бейнеу-Шетпе республикалық маңызы бар автомобиль жолы аяқталуға жақын.

2014 жылы басталған Шетпе–Жетібай–Ақтау автокөлік жолын түріктің «Дженгиз Иншаат» АҚ компаниясы жүргізуде, бұл жолда 2017 жылы  пайдалануға беріледі деп күтілуде. 

Сонымен қатар, қазіргі таңда Шетпе селоішілік жолдарға қатқыл табанды автокөлік жолдарын салуға жобалық-сметалық құжаттама жасақталуда.

Жалпы біздің алға қойып отырған мақсатымыздың бірі жылына бір, екі ауылдың селоішілік автокөлік жолын салу. Осы жылы Өтес селоішілік жолдарын асфальттау жоспарымызда бар. Бұл жұмыстарға 227 млн,теңге қаралып отыр.

Өткен жылы Шайыр селосының автокөлік жолын жөндеу және қайта құрылымдау жұмыстарына (5 км) 216 661,0 мың теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда осы жұмыстың 90–95 % аяқталды, соңғы бюджетті нақтылау кезінде 31 735,0 мың теңгесін облысқа кері алып кетуіне байланысты жұмыс тоқтап тұр.

Қазіргі таңда Қызан селосының автокөлік жолының құрылысы арналған жобалық сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өтіп дайын тұр.

Жолаушылар тасымалы  туралы

Аудан бойынша  әрбір  селодан  Ақтау  қаласына,  аудан  орталығына автокөліктермен  жолаушылар  тасымалдаудың жүру  кестесі  жасақталған.    Автомобиль  көліктерімен  жолаушылар  тасымалдаудың жүру  кестелері  село әкімдерімен келісілген.

Аудан  мен  селолар  арасында  6  бағытта және Шетпе селоішілік  5 (бес) бағытта жұмыс ұйымдастырылып отыр.

Соңғы екі-үш жылда селоішілік жолаушылар таситын  автокөліктердің маршрутында  аударылу  т.б.  оқыс  оқиғаларының  орын  алған  фактілері  болған  жоқ.

Шетпе селоішілік жолаушылар тасымалында және ауылдық елді мекендердің аудан орталығымен байланыстыратын маршруттарға бәсекелестіктің болмауы бұл саланың талап деңгейін көтеруде кедергі болуда.

Осындай қиындықтарға байланысты қазіргі таңда Шетпе–Шайыр жолаушылар тасымалы тоқтап тұр.

Осы қиындықтан шығу үшін ауданішілік жолаушылар тасымалына субсидия беру мәселесін қарастырып жатырмыз.

Күзгі-қысқы жылу беру маусымының өту барысы туралы

61 (алпыс бір) әлеуметтік мекемелердің дербес жылу  қазандықтары және 3 (үш) орталықтандырылған жылу қазандығы аудандағы 92 (тоқсан екі) әлеуметтік объектіні жылумен қамтиды.

Ұштаған, Шайыр клубтары тоқпен, басқалары газбен жылытылады.

Қысқа дайындық кезінде ауданның тұрмысы төмен отбасыларына көмек көрсетілді. Бірнеше отбасының тұрғын үйлерінің жылу жүйесін демеушілер көмегімен ауыстырып бердік.

Осы қысқа дайындық жұмыстарына байланысты Сайөтес селосының орталық жылу жүйесінің құбырларын ағымдағы жөндеу (19 449,0 мың теңге) және Боздақ селосының орталық жылу жүйесінің құбырларын ағымдағы жөндеу жұмыстары «Маңғыстау жылу, су» МКК–ы арқылы 3 808,0 мың теңгеге толық жасалынды.

Сонымен бірге, осы «Маңғыстау жылу, су» МКК демеушілігімен Боздақ селосынан 2-қабатты 3 тұрғын үйдің, Сайөтес селосынан 2-қабатты 6 тұрғын үйдің ішкі жылу трубалары толықтай жаңартылды.

Соңғы бюджетті нақтылау кезінде қысқы дайындыққа байланысты 22,170 млн теңге қаржы бөлініп Тұщықұдық селосындағы «С.Жанғабылов атындағы» орта мектептің жылу жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстары (349,3 теңгеге) жасалынып, мектептің жылу жүйесі толықтай ауыстырылып, қазандық ғимаратына жөндеу жұмыстары жасалынды.

Сонымен қатар, 16 611,0 мың теңгеге Тұщыбек селосындағы Е.Оразақов атындағы туберкулезге қарсы емдеу орталығына КГТ 620 маркалы 1 дана пеш, Шайыр және Өтес орта мектептеріне КГТ 225 маркалы жылыту пештері, Боран Бойлер ВВ 1400 маркалы 1 дана және Боран Бойлер 1535 маркалы 3 дана жылу қазандықтары сатып алынды.

Жалпы алғанда күзгі-қысқы жылу беру маусымы кезінде барлық жылу қазандықтары мен жылу жүйелері, су объектілері, тоқ, газ қызметі қалыпты жағдайда жұмыс жасап тұр.

Тазалық айлығы жөнінде

Облыс әкімінің «Облыс елді мекендерінің аумақтарын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру іс-шараларын өткізу туралы» қаулысына сай ауданда тазалық жұмыстары жүргізілді.

Бірнеше сенбіліктер ұйымдастырылып ауданның  барлық  өңірлерінде мекеме, кәсіпорын ұжымдары, ауыл тұрғындары сенбіліктерге белсене қатысты.

Жоспардан тыс 2 рет, жалпы алғанда 5 мәрте сенбілік жұмыстары  ұйымдастырылды.

Сенбілікке өндірістік мекемелердің техникалары жұмылдырылды. Техникалар көмегімен Мақаш, Жаңа Орпа, Шетпе-1, Қызылтұран шағын аудандарының сырт жақ бетіндегі қатты тұрмыстық  қалдықтар жиналып, арнайы орынға төгілді.

Әр елді мекен бойынша рейдтік шаралар ұйымдастырылып тұрғын үйлерінің маңайы мен әлеуметтік нысандардың жанын тұрмыстық – қатты қалдықтардан тазарту, қалыпқа келтіру, абаттандыру (ақтау, сырлау, ағаш егу т.б) жөнінде 89 тұрғынға ескерту беріліп, 12 тұлғаға айыппұл салынды.

Сонымен бірге, тазалық айлығы кезінде Ақмыш, Самал демалыс орындарына тазалық жұмыстары жасалса, аудандағы барлық мектеп директорлары Тобықты жеріндегі Бекет ата мешітіне барып шарбақтарын сырлап, тазалық жұмыстарын жүргізді.

Жалпы аудан бойынша өткен сенбіліктерге 14 016 адам қатысты. Әр түрлі 51 техника (оның ішінде арнаулы техника саны 26) күшімен 920 Га алаң тазартылып, 1720 тоннадай тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылды. Аудан бойынша 3589 түрлі ағаш көшеттері, оның ішінде 1729 түп ағаш «Жасыл жапырақ-Зеленый лист» акциясы бойынша отырғызылды.

Білім саласы бойынша:

Ауданның білім жүйесін дамытудың басты басымдықтарының  бірі – білім сапасын көтеру болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыстың тиімділігі мектепке дейінгі, жалпы орта білім беру ұйымдарымен қамту, білікті педагогикалық кадрлардың болуы, материалдық-техникалық базаның сәйкестілігі, оқушылардың оқу мен тәрбиеде қол жеткізген жетістіктері арқылы анықталады.

Ауданда 18 мемлекеттік, 2 жекеменшік балабақшада, 4 мектеп жанындағы шағын орталықта 1649 бала мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеумен (80 пайыз) қамтылған. Бұдан өзге Ұштаған, Жыңғылды селоларынан 80 орындық жаңа балабақша жыл аяғында пайдалануға берілді.Шетпе селосынан тағы бір жеке меншік бала бақша құрылысы аяқталып, алдағы жылы халық игілігіне пайдалануға беріледі. Осы арқылы біз бала бақшаға деген сұранысты толықтай орындаймыз.

2014-2015 оқу жылын аудан мектептері 6711 оқушымен аяқтаса, 2015-2016 оқу жылын 7010 оқушымен бастады. Былтырғы жылмен салыстырғанда 299 оқушыға, яғни 4,5 пайызға артып отыр.

ҰБТ-ге мектеп бітіруші 365 оқушының 238-і қатысып, аудан бойынша орта балл – 77,7 болды. Соңғы бес жылда ең соңғы орында болған аудан биыл ҰБТ көрсеткіші бойынша облыстың алдына шықты. «Алтын белгі» белгісін 3 оқушы және Үздік аттестатты 3 оқушы иемденіп, өз білімдерін дәлелдеді. Ең жоғарғы ұпай – 123. Былтырғы оқу жылында  31 оқушы мемлекеттік грант иегері болса, биыл 53 мектеп бітіруші мемлекеттік грант иегері атанды.

«Дарын» бағдарламасы бойынша да біраз жұмыстар атқарылды. Облыстық пәндік олимпиадада ауданымыздың 11 оқушысы жеңімпаз атанып, бірінші орын алған 4 оқушы облысымыздың намысын қорғау үшін республикалық олимпиадаға қатысты.

Ғылыми жоба конкурсында облыстан 14 оқушы жеңімпаз атанды, оның 5-еуі республикалық кезеңге қатысып, 4 оқушы жүлделі орындарға ие болды. 4 оқушы халықаралық ғылыми жобаға қатысып, нәтижесінде 1 оқушы жеңімпаз атанды.  Өңірлік президенттік олимпиаданың облыстық кезеңіне 2 оқушы қатысып, 2-еуі де жеңімпаз атанды. 1-7 сынып оқушыларының «Зерде» аудандық ғылыми жобасына 87 оқушы қатысып, 26 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

Білім сапасын жақсарту үшін ауданның білім беру жүйесінің бюджеті жылдан жылған арттырылып келеді, яғни 2014 жылы 1 744 722 мың теңгені құраса, 2015 жылға 2 013 227 мың теңге болды, 2016 жылға 2 229 463 мың теңге жоспарланып отыр.

Білім ордаларын оқулықпен қамтамасыз ету үшін 2014-2015 оқу жылында жергілікті бюджеттен 29,4 млн теңге қаржы бөлінсе, 2015-2016 оқу жылына 34,927 млн теңге бөлінді.

Мектептердің материалдық-техникалық базаларын жақсартуға жергілікті бюджеттен 21 мектепке компьютер сыныбын алуға 32175,0 мың теңге, 21 мектепке акт залдың орындықтарына 20000,0 мың теңге бөлініп, алынып берілді.

Республикалық бюджет есебінен Е.Айшуақұлы мектебіне ағымдағы жөндеу жұмыстары үшін 39 081 000 теңге, Ұштаған мектебіне ағымдағы жөндеу жұмыстары үшін 10 003 000 теңге, ал жергілікті бюджеттен балалар өнер мектебіне ағымдағы жөндеу жұмыстарына 10 160 000 теңге қаралып жұмыстары жасалды.

С. Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернатқа автокөлік алу үшін 6087 мың теңге және спорттық матрас, кимоно алуға 5 913 мың теңге қаралып, алынып берілді.

С.Жаңғабылов атындағы Тұщықұдық орта мектебіне жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2 730 000 теңге қаралып, 10 адамдық УАЗ автокөлігі алынып берілді.

Мектептерге ағымдық жөндеу үшін 4400,0 мың теңге бөлінді. Ауданда 11 мектеп (52 %) онлайн режиміндегі интерактивті сабақтарға қатысса, 21 жалпы білім беретін мектептің барлығы да интернет желісіне қосылған. Жалпы білім беру ұйымдарының материалдық техникалық базаларын нығайту, оқу сапасын арттыру бағытында жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстар өз нәтижелерін беруде.

Жаз мезгілінде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтын қалыптастыру, қылмыспен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жоспарлы тынығу жұмыстары жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Мектеп жанындағы сауықтыру алаңдарына бюджеттен 8 600 000 мың теңге қаражат бөлініп, оған  1383 бала қамтылды. «Қарақұдықмұнай» компаниясының демеушілігімен 25 бала Ақтау қаласындағы «Волна» лагеріне демалып қайтты. Сонымен қатарАқтау қаласы сыртындағы «Балдәурен» лагеріне 40 бала демалды. Жетім балалардың, ата-анасынан қамқорлығынсыз қалған, көп балалы, тұрмысы төмен отбасы балалары, оқу озаттары сауықтыруларына бюджет қаражаты, демеушілер көмектерімен бірінші кезекте қамтамасыз етіліп отыр. Биылғы оқу жылы бойынша жергілікті бюджеттен 13 млн қаражат бөлініп, Алматы облысы «Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауы» атты демалыс лагерінде 338 бала демалса, Алматы облысындағы «Эдельвейс» лагеріне 213 бала демалып келді. Үстіміздегі жылдың мамыр айында ауданымыздан 5 тұрмысы төмен отбасы балалары Алматы қаласындағы «Бөбек» ұлттық  ғылыми-практикалық және 25 бала Ақмола облысы Шучинск қаласындағы республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында демалды.  Италия мемлекетіне аудан мектептерінен жетім және тұрмысы төмен отбасының 5 баласы саяхатқа  барып келді. Сонымен қатар ата-аналары мекемесі есебінен (Алматы, Астана, Көкшетау, Қостанай т.б. қалаларға) 1300 оқушы демалды. 

Қазіргі таңда аудан бойынша қамқоршылық және қорғаншылықта тәрбиеленіп отырған 13 балаға аудандық білім бөлімінен 257660 теңге, яғни әр балаға айына 19820 теңгеден жәрдемақы төленсе, ал патронаттық тәрбиешілерге баланы асырап-баққаны үшін айына 66 мың теңге көлемінде жәрдемақы төленеді.  Мектептерде тегін ыстық тамақпен 1774 бала қамтылып отыр, оның 1268-і бастауыш сынып оқушылары болса, 506-сы аз қамтылған отбасы балалары. Оқушылардың жыл сайынғы болатын аудан әкімі шыршасына осы жылда 150 оқушы қатысса, Елбасы шыршасына 20 оқушы қатысып келді.

Аудан мектептері 2015-2016 оқу жылын 984 мұғаліммен бастады, оның 157-сі жоғары санатты, 264-і бірінші санатты, 243-і екінші санатты мұғалімдер. Педагог қызметкерлердің біліктілік санатын көтеру, жас мамандарды жұмыспен қамту, білім сатысы курстарынан өткізу бойынша жұмыстар жоспарлы жүріп келеді. Биылғы жылы 33 мұғалім жоғары санатқа, 56 мұғалім бірінші санатқа, 67 мұғалім екінші санатқа өтті. Жоғары оқу орнын бітірген 50 және колледж бітірген 12 жас маман жұмысқа орналасты. Қысқа мерзімді курстан 263 мұғалім өтті

Денсаулық сақтау саласында

Аудан тұрғындарына орталық аурухана 145 керуеттік, 10 дәрігерлік амбулатория, 8 медициналық пункт, Е.Оразақов атындағы туберкулезге қарсы санатория медициналық халыққа қызмет көрсетеді.

Аудан бойынша 76 дәрігер, 286 мейірбеке қызмет атқарады. 2015 жылы ауданға жаңадан 5 дәрігер маман жұмысқа келді. Сай-Өтес, Жармыш елді мекендеріне әлі де болса дәрігер мамандар жетіспейді.

Өткен жылы мамандарды тұрақтандыру мақсатында Дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша 23 жас маманға оның ішінде 15 мейірбеке, 8 дәрігерге көтерме жәрдемақы берілді. 1 дәрігерге тұрғын үй берілсе, 15 маманға  оның ішінде 8 мейірбеке, 7 дәрігерге  тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие берілді.

2014 жылы Жармыш, Шайыр, Шебір, Тұщықұдық селоларынан салынған жаңа дәрігерлік амбулаториялар пайдалануға берілсе, 2015 жылы Қызан, Жыңғылды, Ұштаған селоларынан жаңа дәрігерлік амбулаториялар салынды. Яғни соңғы екі жылда тек біздің ауданымыздың өзінде ғана жеті ауылдан жаңа амбулаториялар салынып, пайдалануға берілді.

Ана өлімі тіркелген жоқ.

Сәби өлімі 2014 жылмен салыстырғанда 14-ден 17-ке өскен. Көрсеткіш 1000 балаға шаққанда  2015 жыл 14,4% (2014 жылы – 12,2% құрады).

2015 жылы 8 бала туа біткен ақаудан, 6 бала перинаталдық,  2 бала тыныс алу жолдарының ауруларының есебінен,  2 бала белгісіз жағдайда өліп отыр.

Туберкулезбен ауыратындар саны 10 мың халыққа шаққанда 2013 жылы 22 болса, 2014 жылы 16, 2015 жылы 21 болды. Туберкулез ауруымен алғашқы рет тіркелгендер 2014 жылы 16 адам болса, 2015 жылға 21 адам болды.

Мәдениет және спорт саласы бойынша:

Ауданда 1 аудандық мәдениет үйі, 7 селолық мәдениет үйі,  4 селолық клуб және аудандық орталық кітапханасына қарасты  13 селолық кітапханалар халыққа мәдени қызмет көрсетеді.

Жыл аяғында Шетпе селосындағы С.Қондыбай атындағы мұражайдың құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып халық игілігіне берілсе, Ақшымырау ауылынан «Коммұнай» ЖШС демеушілігімен салынған жаңа мәдени демалыс орталығы пайдалануға берілді.

Енді осы құрылыстың жобалық-сметалық құжаттамасын Жармыш, Өтес селоларына байламалау жұмысы қолға алынды.

Сонымен қатар, Шайыр селосынан салынған ардагерлер үйі де халық игілігіне пайдалануға берілді.

Шалғайда орналасқан Ақшымырау ауылында облыста тұңғыш рет ауылдық жерде жастар орталығы ашылды.

Қазіргі таңда аудан бойынша 68 үйірме, 7 халықтық ұжым  (Маңғыстау аудандық халық театры, Жармыш халық театры, Шайыр халық театры, «Отпан» халықтық фольклорлық ансамблі, «Жастар» халықтық ән-би ансамблі, «Таңшолпан» халықтық би ансамблі, «Ақтілеу» халықтық әжелер ансамблі) жұмыс  жасайды, оларға 1171 өнерпаз қатысады.

Облыстық «Үздік селолық мәдениет үйі» байқауында Ұштаған селолық мәдениет үйі 1 орын, ал Онды селолық мәдениет үйі жалғыз номинация «Үздік шығармашылық жұмыс» номинациясымен марапатталды.

Жыл сайын өнерпаздарымыз халықаралық, республикалық, облыстық байқауларға қатысып, жетістіктерге жетіп жүр. Атап айтсақ, облыстық Ш. Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» атты ән фестивалінің Бас жүлдегері Аққұлов Нұрхат, Астана қаласында өткен халықаралық фестивальдің лауреаты атанды.Алматы қаласында өткен 1-ші Республикалық  Ш. Қалдаяқов әндерінің «Атамекен» ән байқауынан Әуезов Саламат бас жүлде иеленсе, Ақтөбе қаласында өткен аймақтық «Аймақты әнмен тербетіп» өнер байқауында аудан өнерпаздары Дарын Қосай, Раметова Збира жүлделі 2-3 орындармен марапатталды. Астана қаласында өткен Республикалық «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер» атты ардагерлердің өнер фестивалінде қолөнер жанры бойынша Өмірбаева Қалам 3 орын жүлдегері атанды. Ал «Әбіш серілері» КВН командасы республика көлемінде өнер көрсетіп респпублика жұртшылығын тәнті етіп келеді.

Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, ҚР Конституциясының 20 жылдығы кең көлемде аталып өтілді. Салынғалы бері күрделі жөндеу жасалмаған орталық парктегі ескерткішке жөндеу жұмыстары жүргізілді. Көп жылдардан бері бірінші рет мекеме, ұжымдардың қатысуымен мерекелік шеру ұйымдастырылды.

Мереке аясында соғыс ардагерлеріне, тыл ардагерлеріне көптеген қайырымдылық көмектер берілді.

Сонымен қатар Тобықтыдағы Бекет ата мешітіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аудан орталығында заманға сай кітапхана ғимаратының құрылысының жобалық  сметалық құжаты қазіргі таңда мемлекеттік сараптамада.   

Бұқаралық спортты дамыту– саламатты өмір салтының негізі, ұлт саулығының кепілі. Елбасының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауларында айтылатын бұқаралық спортты дамыту бағытында аудан көлемінде нақты жұмыстар атқарылуда.

Қазіргі таңда Шетпе селосында Ш.Бөлтекұлы атындағы спорт кешені, күрес және бокс залдары, жүзу бассейні мен стадион, Өтес селолық спорт мектебі, Ұштаған селолық спорт мектебі және Тұщықұдық, Шебір ауылдарында салынған спорт залдары халыққа тұрақты қызмет көрсетуде. Алдағы уақытта осындай жабық спорт залдарын әр селодан салу жоспарымызда бар.

Аудандық спорт мектебінде 79 топ, 1165 бала оқу үйірмелеріне жұмыс жасайды.

Аудан бойынша спортпен шұғылданатын спортшылар саны 2015 жылы 8006 мың адамды құрады. Аудан көлеміндегі барлық спорттық үйірмелер ақысыз қызмет көрсетеді.

  Жыңғылды, Шебір, Жармыш, Ұштаған, Отпан елді мекендерінде бір-бірден және Шетпе селосында 2 жасыл жасанды төсенішті шағын футбол алаңдары халық игілігіне берілді.

Осындай спорт алаңдарын Шетпе селосының Қызылтұран, Қарашоқы шағын аудандарынан, барлық елді мекендерден салу жұмыстары ұйымдастырылуда.

2015 жылы Қазақстан Республикасы спорт шебері атағын 5 спортшы қорғаса, 27 спортшы ҚР спорт шеберіне үміткерлер атағын қорғады.

Афина қаласында джиу-джитсдан өткен Әлем чемпионатына  2 спортшы қатысып, Қонысов Қуандық  қола жүлдегер атанды.

Бангкок елінің Тайланд қаласында дзюдодан өткен Азия чемпионатына жастар арасында 60 кг салмақ дәрежесінде ауданнан шыққан спортшы Жұбатқан Сұңғат чемпион атанды, 52 кг салмақпен Қарасайқызы Камшат қола жүлдегер атанды.

Латвия елінің Рига қаласында өткен Әлем чемпионатында самбодан  1997-98 жылы  туылған жасөспірімдер арасында 60 кг салмақ дәрежесінде Сағынғалиұлы Бауыржан қола жүлдегер, 1995-96 жыл туылған жастар арасында 57 кг салмақпен Мамаев Рамазан қола жүлдемен оралды.

Ақтау қаласында өткен «Ер Қосай Құдайкеұлы» атындағы дәстүрлі VII-Халықаралық турнирге 25 спортшымыз қатысып, 2 спортшы Халықаралық турнирдің чемпионы, 1-күміс, 5 спортшы қол жүлдегерлері атанды. Жекпе-жектен 1 оқушы ҚР Кубогының жеңімпазы. Джиу-джитсудан 2 оқушы ҚР Кубогының жеңімпазы атанса, 4-күміс, 2-қола жүлдегер атанды.

Ұлт көшбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы  «Нұрлы жол-Болашаққа бастар жол» Стратегиясын жүзеге асыру  және ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында «Жас Барысы» Республикалық турнирдің 1-кезеңі аудандық, 2-кезеңі облыстық жарыстарға аудан құрама командасын облыстық турнирден жеңімпаз болып табылған спортшыларды, облыстық спорт басқармасы Орал қаласында өтетін Республикалық турнирге аудан құрама командасы қатысып қайтты.

Бұдан өзге де спорт саласындағы жетістіктеріміз жетерлік. Жерлестеріміз республикалық, халықаралық жарыстардан көптеп жүлделі орындармен оралып жүр.

Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу

2015 жылы тіркелген қылмыс саны 189 (2014 жылы -226), яғни 16,4 пайызға төмендеген. Қылмыстардың ашылу пайызы 76,0% (2014 жылы-69,0) құрады.

Қылмыстың алдын-алу шараларының тиісті деңгейде жүргізілуіне байланысты ауданымызда қоғамдық орында және отбасы-тұрмыстық салада жасалатын қылмыстардың өсуіне жол берілген жоқ.

Тіркелген ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуы 100 пайызды құрады.

Аудан көлемінде жыл ішінде 50 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Аудан көлемінде тіркелген автокөліктер саны барлығы 9972 дана және бұл көрсеткіш күн санап өсіп келеді. (2015 жылы-8010 дана).

2015 жылы аудандық ІІБ-нің қызметкерлері «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 5 тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Әлеметтік қолдау және жұмыспен қамту

2015 жылы 920 жаңа жұмыс орны құрылды. (2014 жылы-457).  Өсім 2 есеге өсті. Тіркелген жұмыссыздар саны-96  адам, былтырғы жылмен салыстырғанда жұмыссыздықтың деңгейі 0,5%-ға төмендеді.  (01.01.2014- 122 адам 0,6 %)

Жұмыссыздар есебіне 868 адам, оның  31-і  мүмкіндігі  шектеулі  азамат  тіркеліп, 656  адам  тұрақты  жұмысқа  орналасты.

Үкімет белгілеген Кедейлік деңгейден төмен тұратын отбасылар саны 160, былтырғы жылмен салыстырғанда 0,6 %-ға азайды. (2014 жылы 169 адам,  2015 жылы-160 адам).

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы 3 бағытта жүзеге асырылды.

Жұмыспен қамту жол картасы 2020 бағдарламсының I-бағыты (Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету) бойынша2015 жылы құны 72,8 млн тенге болатын 7 жоба іске асырылды. Осы жұмыстарға 29 жұмыс орны құрылып,  оған жұмыспен қамту орталығынан 21 адам  жұмыссыздар есебінен жіберілді.

Атап айтқанда Шетпе селосының Базар жанындағы көлік тұрағын асфальттау жұмыстарына 1 жұмыссыз адам жіберілді. Онды селосының Ардагерлер үйін жөндеу  жұмыстарына  жұмыспен қамту орталығы арқылы 6 адам жіберілді.

Онды селоішілік көлік  жолын жөндеу жұмыстарына 3 жұмыссыз адам жіберілді.

Сонымен бірге Тұщыбек ауылын абаттандыру (2 адам), Жыңғылды селосындағы Е.Айшуақұлы атындағы орта мектептің жөндеу жұмыстарына (5 адам), Тұщыбек ауылындағы орталық саяжай қоршауын жөндеу (2 адам), Ұштаған ауылының орта мектебін жөндеу (2 адам)

жұмыстарына жұмыссыз жастар жіберілді.

2015 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасының 2-ші бағыты бойынша (Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту) 20 адам 44, млн тенге көлемінде шағын несие алды. Қазіргі уақытта несие алуға 30 адамның құжаттары әзірленіп 90 млн тенгеге ұсыныс берілді. Биылғы несие алғандардан 11 жеке кәсіпкер 13 жаңа жұмыс орындарын ашып жүргізуде.

Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша (Жұмыс берушінің қажеттілігі щеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу) кәсіптік оқуға 25 адамның құжаттары әзірленіп, Ақтау қаласындағы «Меридиан» коллеждінде 1 жылға оқуға жіберілді, Осы жылдың маусым айында аталған оқу орнын 24 адам кәсіптік мамандығы бойынша аяқтап, өз бетімен оқуларын жалғастыруда. Оған қаралған 14,5 млн теңге толығымен игерілді.

Бағдарлама бойынша  2015  жылға  «Жастар практикасы» бойынша 26 жас маман жоспарланған. Алайда жоғарғы оқу орнын бітірген мамандардың көп болуына орай 106 жас маман «Жастар практикасы» аясында өз мамандықтарына сәйкес әр түрлі кәсіпорындарда жұмыс жасады. Олардың ішінен 57 жас маман тұрақты жұмысқа орналасты. Жоспарланған 7,157 млн. теңге толығымен игерілді.

Еңбек ақыны ішінара субсидиялау бойынша 2015 жылға 30 адам еңбек етуге жоспарланған. Осы жылы 86 жұмыссыз адам кәсіпорындар мен мекемелерге жұмысқа жолданды. Тұрақты жұмысқа 11 адам  орналасты. Бұл бағытқа Республикалық бюджеттен бөлінген 9,064 млн. теңге  игерілді.

2015 жылы  486 адам мекемелер мен кәсіпорындарға жолдамамен тұрақты жұмысқа жұмысқа жіберілді. Оның ішінде, «Дженгиз иншаат» АҚ-на 88 адам, «Би-эй» ЖШС-не 80 адам, «Каспий Цемент» ЖШС-не 16 адам жұмысқа орналасты.

3 жылдық оқу бітіргендер арасынан 36 адам тұрақты жұмысқа орналасып отыр.

2015 жылы 3 бос жұмыс орындар жәрмеңкелері өтті. Оларға 18 жұмыс беруші кәсіпорындар мен мекемелер қатысып, 120 жұмыссыз адам түйіндемелерін тапсырып, мамандықтарына қарай 35 адам жұмысқа алынды.

Ақылы  қоғамдық жұмысты ұйымдастыру үшін 15 040 000 теңге  қаржы  бөлініп, жыл  ішінде 207 адам  қоғамдық  жұмысқа  тартылды.

Облыс әкімінің гранты бойынша жоғарғы оқу орындарын бітірген 43 адамның барлығы жұмысқа орналасты. (4-уі дәрігер, 34-і мұғалім, 1-уі жастар практикасы,  2-уі магистратура, 2-уі бала күтімі  оқуға түсті)

Жыл ішінде халықтың әлсіз топтарына қаржылай әлеуметтік көмектер көрсетілді.

Атап айтқанда, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілген  адамдарға, Алтын және Күміс алқалы аналарға, дербес зейнеткерлерге, асыраушысынан айырылған балаларға, 70 жастан асқан зейнеткерлерге, Семей полигонында зардап шеккендерге және барлық санаттағы мүгедектерге атаулы мерекелерде130 675 558 теңге  әлеуметтік көмек тағайындалып төленді. (соның ішіндегі 81 549 390 теңгесі мүмкіндігі шектеулі азаматтарға төленді) 

Кедейлік деңгейден төмен тұратын 28 отбасына 160 адамына  4 038 778 теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді.

18 жасқа толмаған 239 балаға (64 отбасы) 3 405 135 теңге көлемінде жәрдемақы  берілді.

Өрлеу жобасы бойынша  жұмыспен қамту шартымен 15 отбасына 1 628 353 теңге көлемінде шартты ақшалай көмек көрсетілді.

23 отбасы 1 020 000 теңге көлемінде тұрғын үй көмегін алды.

Ауылдық  жерде  тұратын  2171  әлеуметтік  сала мамандарына олардың  әрқайсысына 12 100 теңгеден барлығы 26 269 100 теңгеотынсатып алуға әлеуметтік көмектері берілді.

Біржолғы көмекке мұқтаждығы айқындалған 317 адамға 12 315 027 теңге  көмек көрсетілді. Осылардың ішінде Қызан селосынан  Жұмаев Табылған,  Шетпе селосынан Әдиев Жүсіп, Байдуллаев Спанғали сияқты тұрмысы төмен азаматтарымыз бар.

Сондай-ақ, әлеуметтік жағдайы төмен 50 отбасы қайырымдылық акция аясында атаулы мерекелерде азық-түлікпен үнемі қамтамасыз етіліп келеді. (Ұн, ет, секер, май т.б)

Үйде оқитын 22 мүгедек балаға 2 179 000 теңге әлеуметтік көмек төленді.  Қозғалуға қиындығы бар  1-ші топтағы 14 мүгедек жеке көмекшінің қызметімен, 4 мүгедек есту аппаратымен,  5 мүгедек  тифлотехникалық құралдармен,112 мүгедек гигиеналық құралдармен, 24 мүгедек бала Ақтау қаласындағы Оңалту орталығына және 105 ересек мүгедек санаторияға баруға жолдамамен, 15 мүгедек ортопедиялық аяқ киімдермен  қамтамсыз етілді. 2 мүгедек Ақтау қаласындағы психроника үйіне орналастырылды.  51 мүгедек балаға және 5 қарт зейнеткерге үйде қызмет көрсетілді. 21  мүгедек  инватакси  қызметін пайдаланды.

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы аясында жыл бойы ардагерлеріміз ардақталды. Ұлы Жеңістің маңызын ұрпақтың санасына сіңіру үшін  «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» атты кітапша шығартылып ардагерлеріміздің ұрпақтарына таратылды.

Тұщықұдық селосының тұрғыны Аңдақұлов Батыр Қалмақиядағы Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан майдангерлер жерленген бауырластар зиратына барып әкесіне зиярат жасап қайтты. Тапсырған құжаттарына сәйкес республикалық бюджеттен 97 200 теңге төленді.

Жалпы 2015 жыл ауданымыз үшін жаман болған жоқ. Көптеген салаларда жетістіктерге жетіп отырмыз.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, аудан тұрғындарының тұрмыстық деңгейінің өсуі байқалып отыр. Тұрғындар саны да жылдан-жылға өсіп келеді.

Өткен жылы 1222 сәби дүниеге келді. 306 жас отбасы құрылды.

Жалпы соңғы бірер жылда ауданда 20-дан астам әлеуметтік нысандар салынып, тұрғындарымыздың игілігіне пайдалануға беріліп отыр.


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының прокуратурасы mng.prokuror.kz/kaz/sub/mangistau
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми интернет - ресурсы http://mangystau.gov.kz/