Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Әлеуметтік-экономикалық төлқұжаты


Аудан әкімі:  Жармағанбет Қайырмағанбетұлы Айтуаров

1965 жылы 25 шілдеде Маңғышлақ облысы, Маңғыстау ауданы, Ұштаған селосында дүниеге келген. (2012 жылдың наурыз айынан бастап Маңғыстау ауданының әкімі қызметін атқарып келеді.)

Ауданның жер аумағы – 4 701 832 гектар. Маңғыстау ауданы облыстың орта тұсынан солтүстікке қарайғы бөлігін алып жатыр. Географиялық картада, бұл ең алдымен Бозашы түбегі мен Таулы Маңғыстау өңірлерін, оған іргелес жатқан жерлерді, сондай-ақ солтүстік-батыс Үстіртті қамтып жатыр.

Халық саны: 35600

Облыс орталығы – Ақтау қаласына дейінгі арақашықтық: 158 шақырым

Село аумағының жалпы ауданы: 32 613 га

Аудан бюджеті

Аудан бойынша аудандық бюджеттен  52 мемлекеттік  және 21 қазыналық мекеме, 3 коммуналдық кәсіпорын, барлығы 76 мекеме қаржыландырылады.

2015 жылға  аудан бюджеті кірістері 6 908 677,0 мың теңгеге бекітіліп,  2 рет нақтылану барысында 6 141 708,0  мың теңгені құрады. Ағымдағы жылдың 9 айына арналған кірістер жоспары 4 723 242,1мың теңгені құрап, нәтижесінде 9 айдың қорытындысы бойынша аудан бюджетіне 4 961 992,1 мың теңге, яғни  105,1 пайыз кіріс түсірілді. Жоғарыда түскен кіріс мөлшері жылдан жылға артқанын көрсетеді. Аудан бюджеті кірістерінің 80 пайызы аудан аумағындағы өндірістік мекемелердің мүлік және жер салығынан құралады. Сонымен қатар, республикалық және облыстық бюджеттерінен бөлінетін трансферттерден тұрады.

Ағымдағы жылға аудан бюджетінің шығыстар бөлімі бойынша жылға бекітілгені 6 908 677,0 мың теңге. 2 рет аудандық мәслихаттың шешімімен 6 145 943,5 мың теңге болып нақтыланды. Нәтижесінде  9 айдың қорытындысы бойынша орындалысы  4 633 485,5 мың теңге, яғни  98,0 пайызға игерілді.

Жұмыспен қамту  Ауданда жыл басынан бері жұмыссыздар есебіне 154 адам (7-уі мүгедек), оның 57-і ер азаматтар, 97-і әйелдер, 52-і мамандығы жоқтар тіркелді.

Өткен жылғы тіркелушілерді қоса есептегенде 33-і жас түлек іс-тәжірибеден өтуге, 34 адам тұрақты, 62 адам әлеуметтік және 62 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберілді. 38 жаңа жұмыс орны құрылды. Мекемелерден берілсе, бар жұмысты сақтап қалу үшін аудан көлеміндегі 13 мекемеден меморандумға отырылды. Жұмыстан қысқартуға байланысты босап кеткен тіркелушілер болған жоқ. 26 мекемеден бос жұмыс орны туралы сұраныс келіп түсті, оның 20-сы қанағаттандырылды. Кәсіптік мамандық алу үшін 25 адам "Меридиан" медициналық колледжде бір жылдық курста оқытылуда.

Жұмыссыздықты азайту үшін бұл бағыттағы жұмыстар әліде жалғасын табатын болады.

Еңбек ақыны ішінара субсидиялау бойынша 2015 жылға 120адам еңбек етуге жоспарланған. Осы жылдың 9 айында 133 жұмыссыз адам кәсіпорындар мен мекемелерге жұмысқа жолданды. Бұл бағытқа бюджеттен бөлінген 15,6 млн. теңгенің 11,7 млн теңгесі игерілді. 

2015 жылы Жыңғылды және Шетпе селоларынан бос жұмыс орындар жәрмеңкелері өтті. Оларға 18 жұмыс беруші кәсіпорындар мен мекемелер қатысып, 120 жұмыссыз адам түйіндемелерін тапсырып, 22 адам мамандығы бойынша тұрақты жұмысқа орналасты.   

Денсаулық сақтау саласында аудандық орталық аурухана, орталық емхана, 10 дәрігерлік амбулатория, 8 медициналық пункт, Е.Оразақов атындағы Маңғыстау облыстық туберкулезге қарсы санатория халыққа қызмет көрсетеді.Аудан бойынша 82 дәрігер, 272 мейірбеке қызмет атқарады. 2015 жылы ауданға жаңадан 4 дәрігер маман жұмысқа келді. Өткен 2014 жылы Жармыш, Шайыр, Шебір, Тұщықұдық селоларынан салынған жаңа дәрігерлік амбулаториялар пайдалануға берілсе, осы жылы Қызан, Жыңғылды, Ұштаған селоларынан жаңа дәрігерлік амбулаториялар салынып, пайдалануға берілді.

Білім беру: Ауданда 18 мемлекеттік, 4 жекеменшік бала бақшада, 4 мектеп жанындағы шағын орталықта 1649 бала мектепке дейінгі білім беру және  тәрбиелеумен (80пайыз)қамтылған.Бұдан өзге, Ұштағанда 1 жеке меншік, Жыңғылды селоларында 80 орындық 2 жаңа балабақша жұмыс істейді.

2015-2016 оқу жылын аудан мектептері 7 010 оқушымен бастады. Білім сапасын жақсарту үшін ауданның білім беру жүйесінің бюджеті жылдан-жылға арттырылып келеді, яғни 2014 жылы 1  744 722 мың теңгені құраса, 2015 жылға 2 013 227 мың теңге жоспарланған.

Білім ордаларын оқулықпен қамтамасыз ету үшін 2014-2015 оқу жылында жергілікті бюджеттен 29,4 млн.теңге қаржы бөлінcе, 2015-2016 оқу жылына 34,927 млн. тенге бөлінді.

Кәсіпкерлік саласы бойынша

Ауданда орта және шағын кәсіпкерлер саны 01.10.2015 жылға 2102 адам болып, өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 10,6  пайызға өсті.

берілді. Оның ішінде «Жұмыспен қамту жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша 20 адамға 44,0 млн.теңге несие, «Кәсіпкер».

2015 жылдың 9 айында Маңғыстау ауданы бойынша шағын кәсіпорындар өндірілген өнімімен көрсетілген қызметтердің көлемі 268593,3 млн. теңге құрап, өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 99,7 пайыз құрады.

Ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары арқылы өнеркәсіптік өнімдердің маңызды түрлерін өндіру бойынша (қиыршық тас карьерлері, «Каспийцемент»ЖШС) а.ж. 9 айында қиыршық тас, цемент, бор өнімдері өндіріліп, бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 124,4 пайызға ұлғайған.

Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының прокуратурасы mng.prokuror.kz/kaz/sub/mangistau
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми интернет - ресурсы http://mangystau.gov.kz/