Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Жаңа ғимаратта-жаңа тәсіл


      Елбасының «Бір терезе» қағидаты бойынша халыққа сапалы қызмет көрсетіп, сыбайлас жемқорлықты болдырмау, қағазбастылықтан арылу мақсатында құрылған халыққа қызмет көрсету орталығы 2007 жылы аудан орталығынан өз қызметін бастаған болатын. Жуырда аудан орталығынан халыққа қызмет көрсету орталығының жаңа ғимараты пайдалануға берілді.

        Соның ішінде төртінші бағытын халыққа мемлекеттік қызмет көрсету мәселесіне арнады. Әсіресе, электронды үкіметті дамытып, әкімшілік кедергілерді қысқартып, халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру қажеттігіне ерекше мән берді. Өткен жылы облыс әкімінің қолдауымен жаңа ғимарат серіктестіктердің демеушілігімен, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 100 пайыз еншілес компаниясы «ҚазМұнайТеңіз»ТМК АҚ-ның қатысуымен құрылған «Түпқараған» жобасы қаржыландыруымен жүзеге асырылып, «Мантеком» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тұрғызды. Аудандағы 33 мың халыққа дүниеге келгеннен, өмірден өткенге дейін қызмет көрсететін орталық мінсіз жұмыс атқарады деп сенемін», деп көпшілікті құрбан айт мерекесімен құттықтады.

      Ғимаратты қаржыландырған «ҚазМұнайТеңіз»ТМК АҚ директорының кеңесшісі Балабай Шелпеков: «Жылына компанияға бөлінген арнайы қаржыны Маңғыстау өңіріндегі әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға жұмсап, қажетті ғимараттырдың салынуына өз үлесімізді қосып келеміз. Жасалған қаржыландыру туралы келісімге сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі уәкілетті ұйым арқылы мердігерлерді таңдауды ұйымдастырып, құрылыс барысына техникалық қадағалауын жүргізіп отырды. Біздің компания қараша айында Ақтау қаласына көшіріледі. Енді мұндай әлеуметтік-экономикалық қолдау молая бермек, деп жиналғандарды мерекемен құттықтады.

         Құрылыстың бас мердігері «Мантеком» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі облыстық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Ербол Серғазиевке ғимараттың кілтін табыс етті. Еңбек ардагері Жұбаназар Байназаров жаңа нысанның лентасын киды. Мұнан кейін орталықты аралаған көпшілікке ХҚКО-ның облыстағы басшысы Е.Серғазиев тұрғындарды модернизациялау, электрондық үкімет бойынша жүргізілетін қызмет түрлерімен таныстырды.



Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының прокуратурасы mng.prokuror.kz/kaz/sub/mangistau
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми интернет - ресурсы http://mangystau.gov.kz/