Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Ауданның даму бағдарламасының орындалысы


Маңғыстау ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму Бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) аудандық мәслихат сессиясының 2011 жылғы 18 наурыздағы 31/290 шешімімен бекітілді.

Бағдарлама 2 кезеңнен тұрады.

1-кезең – 2011-2013 жылдар, 2-кезең – 2014-2015 жылдар

Тұтастай алғанда, Бағдарлама бойынша 18 мақсат, 31 мақсатты индикатор, 58 нәтиже көрсеткіші көздестірілген. Оның ішінде, 2013 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 29 (93,5%) мақсатты индикаторға қол жеткізілді, 2 (6,5%) индикаторға қол жеткізілмеді (Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі және Тұрғын үй құрылысының пайдалануға берілген көлемі).

Бағдарлама 5 бағыттан тұрады:

 

1-бағыт «Экономика»

Осы бағыт бойынша бағдарламада 5 мақсат, 8 мақсатты индикаторлар көздестірілген. 2013 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 7 (87,5%) мақсатты индикаторға қол жеткізілді, 1 (12,5%) индикаторға қол жеткізілмеді (Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі, 2013 жылдың 10 айына орындалысы 97% (жоспар 2013 жылы 125%)). 2013 жылдың қорытындысымен бұл индикаторға қол жеткізіледі. Себебі, «Каспий цемент» ЖШС-і жергілікті 97 жұмыссызды Өскемен қаласына жіберіп, өз қаражаттары есебінен қайта даярлап, 87 азаматты жұмысқа қабылдады. Қазіргі уақытта өнім шығаруды қолға алуда, жыл қорытындысымен индикаторға қол жеткізіледі.

 

2-бағыт «Әлеуметтік сала»

Осы бағыт бойынша 7 мақсат, 14 мақсатты индикатор көздестірілген, 2013 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 14 (100%) мақсатты индикаторға қол жеткізілді.

 

3-бағыт «Инфрақұрылым»

Осы бағыт бойынша 4 мақсат, 7 мақсатты индикатор көздестірілген, оның ішінде 2013 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 6 (85,7%) мақсатты индикаторға қол жеткізілді, 1 (14,3%) индикаторға қол жеткізілмеді (Тұрғын үй құрылысының пайдалануға берілген көлемі 2013 жылдың 10 айына орындалысы 29,8 мың шаршы метр, яғни 75,1% (жоспар 2013 ж. – 45,0 мың шаршы метр)).

Бұл индикаторға қол жеткізу мақсатында барлық селолық округтердегі әр аула бойынша тұрғын үйлердің техникалық паспорттарын шығармаған нысандар анықталып, тиісті жұмыстары атқарылуда. Биылғы жылы «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын іске асыру үшін құрылысы аяқталатын 2 700 шаршы метр 40 пәтер пайдалануға беріледі. 2013 жылдың қорытындысымен индикаторға қол жеткізіледі.

 

4-бағыт. Ауылдық аумақтарды дамыту

Осы бағыт бойынша 1 мақсат, 1 мақсатты индикатор  көздестірілген, 1 (100%) индикаторға қол жеткізілді.

Тіректі ауылдар санының жоспары/нақтысы-2/2 (Жыңғылды, Өтес)

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасын іске асыруға республикалық бюджеттен 37,4 млн. теңге бағытталды. Осы бағдарлама аясында село орталықтарына жарықтандыру жүргізілді, әлеуметтік нысандар жөндеуден өтті. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының аясында нысаналы трансферт – 102,9 млн. теңге бағытталды және 95 жаңа жұмыс орны құрылды. Ауылдық елді мекендерге бюджеттік ұйымдарда жұмыс істеу үшін 2013 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 51 білім беру, 25 денсаулық сақтау, 2 ветеринария, 1 мәдениет мамандары келді. Барлығы 79 маман келіп, оның 54-і белгіленген көтерме жәрдемақы, 25-і тұрғын үй сатып алуға несие алды.

Ауданның жер көлемі – 4701832 га, ауыл шаруашылығы мақсатында – 3288192 га.

Бүгінгі таңда ауданда 6762 мүйізді ірі қара, 147417 қой, 41811 ешкі, 29183 жылқы, 18757 түйе шаруа қожалықтарының есебінде бар. Ауданда 8 өндірістік кооператив, 301 шаруа қожалықтары тіркелген.

Биылғы жылы мал азығын дайындайтын 28 жеке кәсіпкер 23096, 6 тонна пішен дайындады. Сонымен қатар 6 жеке кәсіпкер құрама жемді Солтүстік облыстардан тасып, тұрғындарды мал азығымен қамтамасыз етуде. Облыс бойынша мал азығының ең төмен бағасы Маңғыстау ауданында қалыптасқан.

 

5-бағыт «Мемлекеттік қызметтер»

Осы сала бойынша 1 мақсатты индикатор көздестірілді және оған қол жеткізілді.

Тұтастай алғанда, аудан әкімдігі қазіргі кезде қабылдап жатқан жоспарланған іс-шараларды тиімді іске асыруды және қойылған міндеттерге жетуді қамтамасыз етеді.

  

Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының прокуратурасы mng.prokuror.kz/kaz/sub/mangistau
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми интернет - ресурсы http://mangystau.gov.kz/