Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау


ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына

Жолдауын насихаттау

 

Елбасының Қазақстан 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіру мен насихаттау    жөніндегі  жұмыстар  ұйымдастырылды.

Аудан бойынша 12 ақпараттық - насихаттық топ жұмыс жасайды. Құрамында 84 адам бар.

Ауданға қарасты барлық елді мекендерде Елбасы Жолдауын талқылау жөнінде ақпараттық – насихаттық топтар 51 лекция, 23 дөңгелек үстел, 28 кездесу жиындар өткізді.

Ақпан айының 6 - 8 күндері Елбасының Қазақстан 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан  мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мен насихаттау мақсатында облыстық, аудандық (АНТ)  ақпараттық - насихат топтарының аудан елді мекендерінде тұрғындармен кездесу өтті.

Маңғыстау техникалық колледжінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2050» стратегиясы мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына арналған Жолдауын тұрғындар арасында талқылау мақсатында облыстық АНТ мүшелері «Жайық-Каспий» облыстық экология департаментінің директоры Д.Әлиев, «Тілдерді оқыту, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру» өңірлік орталығының директоры Ғ.Жалғасбай Елбасы Жолдауын түсіндірді.

Сәуір айында ішкі істер министрлігінің Елбасының «Қазақстан 2050» стратегиясы мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына арналған Жолдауын насихаттау мақсатында үгіт-насихат тобы ауданға келіп, аудан тұрғындарына ішкі істер министрлігінің ән-би ансамблі мен мәдени орталығының шығармашылық ұжымы концерттік бағдарламасын ұсынды.

Барлық кітапханаларда, «Елбасы Жолдауы елдіктің асыл мұрасы» тақырыптарында тұрақты көрме жасалынды. Мемлекет басшысының  «Қазақстан - 2050  стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында «Жаңғырту Жолдауы» атты көрме жасалды.

«Жаңа өмір» газетінде Елбасы Жолдауын қолдау және орындалу барысы жөнінде аудан тұрғындарының, мекеме басшыларының  мақалалары  жарияланды.

Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын ақпараттық сүймелдеуді ақпараттық - жарнамалық құралдармен насихаттау мақсатында аудан орталығында тақырыптық билбордтар орналастырылды.

 

Мемлекеттік ақпаратты саясатты жүргізу

Аудандық «Жаңа өмір» газеті аудан халқын ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» даму стратегиясында қойылған міндеттер мен тапсырмаларын орындауға жұмылдыруды, қоғамның бірлігін сақтап нығайту, ұлтаралық қатынастарды дамытуды қамтамасыз етіп, ауданның мемлекеттік органдары мен қоғамдық бірлестіктерінің ұйымдастырушылық, мәдени-көпшілік, саяси-әлеуметтік, т.б. жұмыстарын жан-жақты ашып көрсетуге қызмет етеді.

Аудандық «Жаңа өмір» газетінде «Қазақстан - 2050» стратегиясының басты бағыттарын және Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында «Елбасы Жолдауы - ел қамын ойлауы», «Басым бағыттар айқындалды», «Елдің қамын ойлаған Жолдау», «Елбасы Жолдауы - іс жүзінде» атты айдарлар жұмыс жасайды. Ақпан айында аудандық ішкі саясат бөлімі арқылы Елбасы Жолдауын насихаттауды ақпараттық сүйемелдеу мақсатында мемлекеттік орган, мекеме басшылары мен село әкімдерін қамтыған медиа-жоспар жасақталып,  аудан әкімінің орынбасарымен бекітілді.

Сонымен қатар, бөлім қызметкерлері республикалық, облыстық және аудандық  басты  басылымдарға  тұрғындардың жазылу деңгейі бақылауда ұсталып, жазылуға насихат жұмыстары жүргізіледі.

Аталған басылымдарға аудан тұрғындарының ауданға қатысты жазылған мақалаларына мониторинг жүргізіліп отыр. Мониторинг қорытындысы бойынша республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде - 7 мақала, облыстық «Маңғыстау» газетінде - 58, «Огни Мангистау» газетінде – 27 мақала және «Казахстанская Правда», «Маңғыстау мұғалімі» газеттері мен «Отбасы» журналына мақалалар жарияланды.

2013 жылдың 7 тамызында Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округ құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауы өткізілді.

Мемлекеттік ақпаратты саясатты жүргізу үшін:

Аудан бюджетінен «Қазақстан-Ақтау» телеарнасы арқылы  мемлекеттік ақпараттық саясатты телерадио хабарлары арқылы жүргізу үшін 2 млн.теңге бөлініп, игерілді.

Аудан бойынша 2013 жылы «Отау ТВ» спутниктік телерадио тарату жүйесі әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға орнатуға аудан бюджетінен  2392,0 мың теңге бөлінді. Аталған қаржы көлеміне аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі арқылы мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша «Канеке & Co» ЖШС-гі 2185,0 мың теңгеге тапсырыс жеңімпазы болып  белгіленді. Бекітілген тізім бойынша барлық әлеуметтік аз қамтылған 67 отбасыға қондырғы құрылды

Сыртқы ақпараттық - жарнамалармен қамтамасыз ету мақсатында тақырыптық 47 бильборд ауыстырылып, жаңадан орнатылды.

 

Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының прокуратурасы mng.prokuror.kz/kaz/sub/mangistau
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми интернет - ресурсы http://mangystau.gov.kz/