Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Тарихы


Маңғыстау ауданы

Маңғыстау ауданы облыстың орта тұсынан солтүстікке қарайғы бөлігін алып жатыр. Географиялық картада, бұл ең алдымен Бозашы түбегі мен Таулы Маңғыстау өңірлерін, оған іргелес жатқан жерлерді, сондай-ақ солтүстік-батыс Үстіртті қамтып жатыр. Терістігіндегі Мұрыншық (Бұрыншық) мүйісінен, күнгейінде Қарақияның солтүстік-шығыс кемеріне және мұнайлы Жетібайға дейін, батысында Үдектің құдығы мен Ащыбас-Шаттан, шығысында үстірттік қазақ-қарақалпақ шекарасына дейін созылып жатқан әкімшілік ауданның жер аумағы – 4 701 832 гектар.

Маңғыстау ауданы – облыстың басқа әкімшілік бөліктерінің жеріне қарағанда күрделі геологиялық тарихы мен көрнекті жер бедері бар территория. Тек осы ауданның аумағында ғана, көз үйренген аймақтық пейзаж тақтайдай тегістіктен, қырдың тік-жарлы өрнектерінен, құм массивтері мен сорлардан басқа, әр түрлі аласа тау тізбектері, оқшау қалған таулар, тау аралық аңғарлар кездеседі. Түбектің ең көрікті жері деп саналатын Шерқала, Айрақты өңірі де осы аудан жерінде.

Құрылу тарихы

Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің 1928 жылдың 3 қыркүйегіндегі «Қазақ Автономиялық АССР-да аудандандыру туралы» №743 қаулысы бойынша құрамында 6 ауданы бар орталығы Ойыл селосы болатын Адай округі құрылды. Осы алты ауданның бірі – орталығы Форт Александровск қаласы болатын Маңғыстау ауданы. Осы кезден бастап бұл күн Маңғыстау ауданының құрылған күні деп аталып келеді (ҚР ОММ, 29.01.2008 жылғы №05-10/19 хаты негізінде).

Жаңа құрылған ауданның алғашқы ұйымдастыру бюросының төрағасы болып Қойсары Сарғожаев сайланды. Кейін 1929 жылы Мақанов жұмыс атқарды. 1931 жылы Беркімбаев, 1930, 1932-1934 жылға дейін аудандық Кеңес атқару комитетінің төрағасы С.Жиенбаев, одан кейінгі 1935-1938жылдары аралығында төраға болып Әлиев, Чапаев, Төралиевтер жұмыс жасады. Ал партиялық басшылық жұмыстарында 1928 жылы Сағындықов, 1929 жылы Тастайбеков, 1930-1932 ж.ж. Баймұханбетов, 1933 жылы Сүйінұлы, 1934-1937 ж.ж. Д.Хангереев, 1937 жылы Өтепбергенов, одан кейін Ғ.Жұмағалиевтер қызметтер атқарды.

Жергілікті халықтың сұрауы және аудан шаруашылықтарының шашыраңқы орналасуы ескеріліп, әкімшілік басқару жүйелерін жетілдіру мақсатымен Қазақ ССР Жоғарғы Кеңес Президиумының 1939 жылдың 16 қазанындағы Жарлығымен бұрынғы Маңғыстау ауданы Гурьев облысына қарасты екі ауданға – Маңғыстау (орталығы Жыңғылды селосы) және Шевченко (орталығы Форт Александровск қаласы) аудандарына бөлінген.

Жаңа құрылған ауданның орталығы табиғаты жайлы, көк желекке бөленген, Қаратаудың ол кездегі сулары кез келген жерінен шығып жатқан Жыңғылды селосы болып белгіленгенімен, онда көзге ілінетіндей мәдени тұрғыдан бірде-бір ғимарат жоқ болатын. Жергілікті тұрғындардың көпшілігі жерден қазылған үйлерде тұрды. Балшықтан салынған мектеп үйі, аздаған ғана тұрғын үйлер, жаңа ғана бой көтере бастаған тағы да басқа құрылыс нысандары бар шағын елді мекен.

Аудан орталығы Жыңғылды селосында болды делінгенімен кейіннен табылған құжаттарда көрсетілгендей, заңды түрде аудан орталығын кезінде 1940 жылдың 4 сәуіріндегі Еңбекшілер депутаттары Гурьев облыстық Кеңес атқару комитетінің шешімі бойынша Таушық поселкесінің солтүстігіндегі 4-5 шақырым «Доллопо» жері таңдалған. Сонымен аудан орталығы 1939 жылдың аяғынан 1941 жылдың басына дейін кейбір құжаттар жүзінде Жыңғылды болды. 1941 жылы жаңадан салынған «Социалистік қалашықтағы» (Соцгородок деп аталды) ғимараттарға барлық әкімшіліктер келе бастады да, ресми түрде аудан орталығы Таушық поселкесі болды. 1941 жылдың басында аудан орталығы Таушық поселкесіне толықтай келіп орналасты.

Маңғыстау ауданында елуінші жылдардың ортасында қой саны жедел қарқынмен өсірілді. Нәтижесінде, Гурьев облысына – 40 000, Ақтөбе облысына – 70 000 қой сатылса, Ресейдің Орск қаласына жыл сайын 40-50 мың қой етке тапсырылып отырған. Сол жылдары Маңғыстау ауданы мал басы саны мен оның өнімін өндіруде облыс бойынша бірінші орында болды. Ауданда жылқы шаруашылығын дамыту, оның ішінде «Адай» жылқысын асылдандыру да сол жылдары алғаш қолға алынған болатын.

1957 жылы Маңғыстау ауданының әр түрлі сала бойынша республикалық, облыстық дәрежедегі 16 Ауыспалы Қызыл Туға ие болғаны тарих беттерінде жазулы.

1960 жылдардың басында өлкеміздің жаңадан түлеуіне, мұнай-газ кеніштерінің, басқа да байлықтардың ел игілігіне келуіне байланысты «Мақат – Маңғышлақ» темір жолы тартылды. 1966 жылы Маңғыстау ауданының орталық белдеуі болып табылатын Шетпе поселкесі үстімен тартылған темір жолдың пайдалануға берілуіне байланысты аудан орталығы Шетпе поселкесіне көшірілді. Бұл кезде аудан көлемінде 2 поселке, 12 ұжымдық шаруашылық болатын.

Бүкіл республика экономикасының күре тамырына қан жүгіртіп отырған «қара алтынның» өлкеміздегі байлығының арқасында өнеркәсіптің сан алуан түрлеріне өзінің локомотивтік рөлін барған сайын айқындай түсті. Соның арқасында елді мекендерге таяу кен орындарына жол тораптары салынды. Электр желілері мен су құбырларының тартылуы көптеген көкейкесті мәселелерді шешуге мүмкіндік туғызды. Нәтижесінде «Қызыл құм – Қаламқас» су құбырының пайдалануға берілуімен «Тұщықұдық – Шебір – Қызан» елді мекендерінде ауыз су проблемасы 20-30 жыл бойына шешіліп келді. Осы су құбырының сапасыздығы мен барған сайын судың тартыла бастауына байланысты бұл құбырлар жұмысын тоқтатып, «Волга – Өтес – Қаламқас» құбырын пайдалану мүмкіндігіне қол жетті.

Аудан аумағынан өндірілуі жеңіл құрылыс материалдарының мол екендігі ескеріліп, 1968 жылы Шетпе жерінен қиыршық тас өндіру зауыты ашылып, жұмысқа кірісті. 1977 жылдың күзінде Қызылтұран ұлутас карьері ашылып, жылына 20-25 мың текше метр құрылыс материалын өндіру жоспарланып, бар мүмкіндігінше жұмыс жасады. Аса құнды құрылыс материалдарының бірі – шебіндік тас зауыты болды. Қ.Мұнатовтың бастамашылығымен «Мырзабек Алтын Тас групп» АҚ өз жұмысын 1997 жылы бастады. Бүкіл акционерлік қоғам мен оның бөлімшелерінде жұмысшы, қызметкерлердің 60 пайыздан астамы жергілікті тұрғындарды құраса, мекеме өз кезегінде аудан бюджетінің көтерілуіне септігін тигізді. 

Міне, бүгінгі таңда ауданның барлық елді мекендері көгілдір отынмен, электр жарығымен, телефон байланысымен қамтылды. Бірқатар мемлекеттік бағдарламалар аясында көптеген әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді. «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша елді мекендерге селоішілік су құбырлары тартылса, «Балапан» бағдарламасы бойынша балабақшалар салынуда. «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша аудан орталығынан муниципалды тұрғын үйлер салынып, пайдалануға берілуде.Сонымен қатар, "Өңірлерді дамыту" бағдарламасы аясында елді мекендерде иншенерлік-инфрақұрылымдарды жаңалау, жүргізу жұмыстары жақсы қолға алынды.

Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының прокуратурасы mng.prokuror.kz/kaz/sub/mangistau
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми интернет - ресурсы http://mangystau.gov.kz/