Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Жемқорлық қоғам індеті
Добавлено: 07.12.2018
қаралды: 12

Бүгінгі таңда білім беру ұйымдары арасында сыбайлас жемқорлық мәселесі өте өзекті мәселе болып тұр. Олай айтудың  себебі де жоқ емес. . Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында  және мемлекеттік білім беру  ұйымдарында осы мәселе де өз орнын тауып жатқан жайы бар.  Адамның  сана сезіміне судай сіңген сыбайлас жемқорлық  21 ғасырдың ең өзекті  қазіргі таңда шешімін таппай отырған, қоғамға қауіпті дерт болып отыр.

Осы мақсатта, яғни сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу,  жолын кесу бойынша 9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай бүгін Маңғыстау техникалық колледжінде  аудандық Жастар орталығы мен  колледж әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Жемқорлық қоғам індеті» атты дөңгелек үстелі өтті.

Шара барысында аудандық арнайы мониторинг тобының жетекшісінің орынбасары, Жастар орталығының басшысы  А.Қонарбаев жиынды  ашып жүргізіп отырды. А.Қонарбаев: «Елміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев «Мәңгілік ел» ұлттық идеясында, Қазақстанның қазіргі бағыты мен ұстанған жолы және Мәңгілік Ел болудың басы, ежелгі ата-бабалар салған сара жолдан бастау алатынын айтқан. Мәңгілік Ел болу идеясын іске асырудағы бірден-бір шаралардың қатарына да сыбайлас жемқорлықпен күресті жатқызуға болады. Атақты француз философы Шарль Луи Монтескье: «Көптеген ғасырлар тәжірибесі көрсеткендей, қолында билігі бар адам, қылмыс жасауға бейім тұрады және де тиісті шекке жетпейінше, сол бағытта әрекет жасай береді», - деп айтқан.Сондықтан бүгінгі шарамыз сол сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жастар арасында сананы өзгерту болып табылады.» деді ол.

Жиында колледж директорының орынбасары  Б.Шанкенова «Жемқорлықты жеңу басты міндет», колледж жас маманы Н.Қайратқызы «Сыбайластық қазақ қоғамының өзегі» атты баяндамасын ортаға салса, колледж студенті Қосаев Абат «Жастар жемқорлыққа қарсы» атты өз тұжырымдарын келтірді. Шарада ұстаздар А.Мангурова мен И.Абаевтар сөз алып жемқорлық туралы ойларын ортаға салды.

Шараны ұйымдастырушылар тарапынан видео роликтер көрсетіліп  және  студент жастар мен колледж қызметкерлер арасында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта да ұйымдастырушлар тарапынан осындай іс-шаралар өз жалғасын табатынына сенімдіміз!


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы