Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Ұрпақтар сабақтастығы аясында
Добавлено: 07.12.2018
қаралды: 9

Бүгін 16 желтоқсан – ұлық мерекесі Тәуелсіздік  күніне орай "Нұр Отан" партиясы "Ұрпақтар сабақтастығы" жобасы аясында "Тәуелсіздік тұғырым" тақырыпта партия ардагері, Маңғыстау ауданының Құрметті Азаматы, ел ағасы Қуантқан Исаевпен аудандық Жастар орталығында кездесу өтті.

Кездесуді Жастар орталығының басшысы, "Жас Отан" ЖҚ жетекшісі А.Қонарбаев жүргізді. Шараға жасотандық жастар мен Еріктілер корпусының мүшелері қатынасты.

Шарада Елбасы Н.Назарбаев және Тәуелсіздік туралы пайымды пікірлер айтылып, Қ.Исаев Елбасымен кездесулері мен Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары жайында естеліктерімен бөлісті.

«Мен 1991 жылдары аудандық әкімдікте ұйымдастыру бөлімінде жұмыс жасадым. Ол уақытта қиын кезең болды. Айлығымыз шайлығымызға жетпей қалған күндерде болған еді. Аудан халқы ол кезде ауылшаруашылық өнімдері яғни ет пен сүттің арқасында өмір сүрді. Мұғалімдер жағы айлап ақшаларын ала алмай қалды. Елбасы Н.Назарбаев 1991 жылы желтоқсанда Президент болып отырған соң жағдайымыз жақсарып, әл ауқатымыз күшейді. Құдайға шүкір бүгінде өз қолымыз өз ауызымызға жетті. Тәубе. Бүгін Тәуелсіз бақытты елдің азаматы болып, бейбіт мемлекеттік тұрғыны болып отырмыз.» деді Қ.Исаев. 

  Шарада жастар Тәуелсіздік және Елбасы жайында көкейінде жүрген сауалдарын қойып, нақты жауаптарын алды.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы