Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Еліне қалған мұра сөз
Добавлено: 06.12.2018
қаралды: 11

  Бүгін 6 желтоқсан күні - Шетпедегі Маңғыстау техникалық колледжінде мемлекет және қоғам қайраткері, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Еңбек Ері Әбіш Кекілбаевты еске алуға арналған «Еліне қалған мұра сөз» атты еске алу кеші болды.

  Оған Ә.Кекілбаевтың сыныптас досы, Маңғыстау ауданының Құрметті азаматы, ҚР Білім беру ісінің үздігі, ардагер ұстаз Алдаберген Құрмашев пен Ә.Кекілбаев немере туыс інісі,  мемлекеттік қызмет ардагері Бауыржан Мұқырұлы Ниязов және  аталмыш колледждің  1 – 2 курс студенттері мен ұстаздар қауымы көп жиналды.

  Шара алдымен Әбіш ағаны бір минут үнсіздік арқылы  еске алумен басталды. Бұдан кейін Жастар орталығының басшысы, жас ақын А.Қонарбаев Ә.Кекілбаевтың өмір  және еңбек жолымен қысқаша таныстырып, кешті жүргізіп отырды.

  Кеште  алдымен сөз алған замандас, досы А.Құрмашев жазушының «Рухтың күштілігі – ардың тазалығы, сезімнің шынайылығы» деген сөзін мысалға ала отырып, ел тәуелсіздігінің қалыптасу кезеңіндегі көсемдік, кемеңгерлік болмысын танытқанына тоқталып, балалық шақ жастық шағы туралы ойларын ортаға салды

    Бұдан соң немере туыс інісі Бауыржан Мұқырұлы сөз алып Әбіш Кекілбаевтың қаламгерлік және кемеңгерлік қырларына, туыстық бауырмашылдық қасиеттеріне кеңінен тоқталды.

Колледж жас ұстазы Нұржамал Қайратқызының пікірінше, Ә.Кекілбаев  ұлт перзенті ретінде қазақ халқының рухани дамуына айшықты қолтаңбасын қалдырды. Тіл маманы, мұғалім  Амалхан  Нұрнияз «Жазушының суреткерлік болмысы зерттелуі қажет» дей келе шешендік қабілетіне бірнеше мысалдар келтірді. Шарада кемеңгер қаламгердің адами қасиеттері туралы замандастарының  толғана айтқан сөздері мен туғанжер Маңғыстау туралы жазған өлең шумақтарын колледж студенттері Мейрамбекұлы Аян «Бағзы бабалары», Кендебай Дастан «Дастархан жыры», Қосаев Азиз «Туған жерге барғанда», облыстық «Әбіш оқулары» байқауының жеңімпазы Б.Жұмалиев атындағы мектеп оқушысы  Інжу Қазиханова  «Заманға айтпай маған айттың  бар зәріңді ақын дос» атты  өлеңдерін нақышына әдемілеп оқып берді.
  Шарада жазушы Сұлтан Оразалының  «Әбіш Кекілбаев» атты деректі фильмі ұсынылып  жастарға арналған аудандық орталық кітапхананың жазушының әдеби туындылары қойылған кітап көрмесі қойылды.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы