Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Тұңғыш Президент күнгі марафон
Добавлено: 04.12.2018
қаралды: 20

Өткен сенбідеҚРТұңғыш Президент күніне орайМаңғыстау ауданы әкімдігі мен аудандық спорт және мәдениет  бөлімінің ұйымдастыруымен «Спорт - денсаулық кепілі» атты мемлекеттік қызметкерлер және тұрғындар арасында  марафон жарысы өтті. Аудандағы марафонға қатысқан әрі жүлделі болған марафонға 100 ге жуық адам қатысты. Маңғыстау ауданы әкімдігімен ұйымдастырылған марафонның жүгіру қашықтығы  10 шақырым болды.

Аудан әкімдігінен басталатын марафонға қатысушылар алдында сөз алған Маңғыстау ауданы әкімі Ж.Айтуаров : «Мұндай  жарыс ауданымызда алғаш рет емес ұйымдастырылып отырғаны. Бұған дейін бірнеше рет өткізілді. Мақсат – жастардың спортқа  құлшынысын арттыру, тұрғындар арасында бұқаралық спорт түрін дамыту. Сондықтан сіздерді  спортпен жиі айналысып жүруге шақырамын, -деп марафонға  қатысушыларға сәттілік тілеп, бірге жүгірді.

Марафонда сондай-ақ, ҚР Спорт ардагері  С.Тілегенов сөз алып, ауыл жастарын Тұңғыш Президент күнімен құттықтады.

Марафонға  мемлекеттік мекемелер мен ұйым қызметкерлері, студент жастар  көптеп қатысты. Марафон соңында «Өрлеу» МКК жас өнерпаздары әннен шашу шашса, жасотандық жастар «Жастар алға» жастар флэш мобын ұсынды. Марафонға қатысушыларға аудан әкімдігі тарапанынан Алғыс хаттар мен медалдар тапсырылды. 


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы