Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
ҚОСБҰЛАҚТАҒЫ МЕРЕКЕ!
Добавлено: 01.12.2018
қаралды: 27

Бүгін Тұңғыш Президент күніне орай Маңғыстау ауданы Қосбұлақ ауылында ауыл тұрғындары үшін үлкен жағымды жаңалық мереке болды.

Ауылда "Самұрық Қазына" әл ауқат қорының демеушілігімен облыс және аудан әкімдігінің қолдауымен стрит воркаут пен ашық спорт алаңы, балалар ойын алаңы пайдалануға берілді.

Ауыл тұрғындарының қуанышын бөлісуге аудан әкімі Ж.Айтуаров пен аудан тұрғындары қатысты. Шарада аудан әкімі Ж.Айтуаров құттықтау сөз алып: «Келер жыл – Жастар жылы. Осы орайда аула жастарының спорттық қабілетін шыңдау  үшін мемлекет тарапынан қолдауды күшейтудеміз. Осы ауылдың тұрғындарының өтініші бойынша бүгінгі істі қолға алдық. Міне енді ел игілігіне пайдалануға беріп жатырмыз. Құтты болсын. Оң болсын. Бәрі де ел болашағы үшін жасалған дүниелер.» деді әкім.

  Шарада Қосбұлақ ауылының тұрғыны, Маңғыстау ауданының Құрметті азаматы,еңбек ардагері  Ермұхан Қаршығаев сөз алса , ҚР спорт қайраткері, ардагер Сабақбай Тілегенов жырдан шашу шашып, ауыл тұрғындарын құттықтады.

Спорт алаңының лентасын Е.Қаршығаев пен Ж.Айтуаровтар қиды. Шара соңы ауыл жастары арасында өткізілген ашық турнирмен жалғасын тапты.

«Бүгінгі қуаншты жаңалық оң болсын. Осымен осы ауданда үшінші обьектіні тапсырып отырмыз. Бәрі де ауыл аймақтарда орналасқан. Біз қашанда ауыл жастары мен тұрғындарының өтініштеріне қолдау танытамыз. Жастар біздің болашағымыз. Ел ертеңі жастардың қолында. Мереке құтты болсын.» дейді «Самұрық Қазына» ҰК өкілі Ерболат Есжанов.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы