Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
«Жас қанат - 2018 » жастар сыйлығы
Добавлено: 30.11.2018
қаралды: 21

Бүгін аудандық мәдениет үйінде аудан әкімінің дәстүрлі «Жас қанат 2018» жастар  сыйлығын марапаттау рәсімі  өтті. Мақсат - Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламасын  насихаттау және түсіндіру, оның маңыздылығын арттырумен қоса, көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру.

Шараны - аудандық жастар ресурстық орталығы  ұйымдастырды. Шараға кәсіптік колледж студенттері,  «Жас Отан» жастар қанаты мүшелері, мекеме басшылары мен қызметкерлері қатысты. Шараны аудан әкімі Жармағанбет Айтуаров құттықтау сөзбен ашып: «Келер жылы Жастар жылы. Мәңгілік Елдің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы болашақтың аса ауқымды міндеттерін қамтитын өте үлкен жоба. Ендеше жастар Мәңгілік Ел идеясының аясында тек ұлы жетістіктерге жетіп қана қоймай, ел бірлігін, ынтымағын, ауызбіршілігін сақтайық. Мәңгілік ел идеясы еліміздегі рухани тұтастық пен дәстүр сабақтастығын қамтамасыз етер басты нышан. Қазақстанды Мәңгілік Ел жасау идеясын жастар яғни сіздер жүзеге асырасыңдар және сіздерді қолдаймыз! Қазақстан мәңгілік ел және мәңгілік мемлекет. Елбасымыздың Мәңгілік ел идеясын жүзеге асыруға бәріміз бір ауыздан атсалысайық, - деп  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жолдауын идеясын қолдауға шақырды. 

Шарада  2014 жылдан бастап аудан әкімінің бастамасымен қолға алынған «Жас қанат 2018» жастар премиясы салтанатты түрде 11  үздік жасқа табысталды. Шарада жас мұнайшы ақын Еділ Бекмұратов  аудан жастарын патриотизмге шақырып ойларын ортаға салса, «Жас Отан» ЖҚ мүшесі Дара Тұржан аудан жастарының Үндеуін оқыды.

Шара соңы аудан жастарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

«Бүгінгі шарада мені үздік деп танып «жас мұғалім» аталымы бойынша әкімнің сыйлығын алғаныма ризамын. Ел ертеңі үшін жасап жатырған еңбектерімді ескеріп, құрмет көрсеткіні үшін аудан әкімі Ж.Айтуаров мырзаға және ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Елбасының жастар саясатын әрқашан қолдаймын және болашағымыз жарқын болсын дегім келеді.»  дейді Жыңғылды ауылы Есір Айшуақұлы атындағы орта мектебінің  жас мұғалімі Ерманова Фариза.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы