Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Жаңартылған атаулы әлеуметтік көмектің артықшылықтары түсіндірілді
Добавлено: 28.11.2018
қаралды: 40

Өткен аптаның бейсенбі күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимаратында «Азамат дауысы» ұйымының жетекшісі Ғ.Жалғасбай Шетпе ауылының тұрғындарымен кездесті. Тұрғындармен болған кездесуде «Азамат дауысы» ұйымының жетекшісі Ғ.Жалғасбай әлеуметтік мемлекетіміздің әлеуетін, жаңа жылдан басталған жаңартылған атаулы әлеуметтік көмектің  ерекшеліктерін, табысы аз отбасылар үшін үкімет тарапынан  көрсетіліп  отырған атаулы әлеуметтік  көмекті ауылдың әрбір тұрғыны білуі тиістілігін, ол үшін жұмыспен қамту орталығы қызиеткерлері, ассистенттер мен кеңесшілер тұрғындарға ақпараттық түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп отыратындығын  түсіндірді.

Сонымен қатар тұрғындарға жұмыспен қамту орталығының басшысы С.Каимова  жаңартылған атаулы әлеуметтік көмектің айырмашылығы - табысы аз  адамдарға  бұрынғыдай тек атаулы әлеуметтік көмек төлеп қоймай, табысы аз отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмысқа орналастыру (тұрақты жұмыс, қоғамдық жұмыс, әлеуметтік жұмыс, жастар тәжірибесі,кәсіби оқу) арқылы оларға ШАРТТЫ ақшалай көмек алты айға тағайындалып, ай сайын төленіп тұратыны немесе біржолғы төлем арқылы жеке ісін ашуға болатыны туралы айтып өтті. Бұған қоса атаулы әлеуметтік көмектің бейімдеу шарасына енгізілген тұрғын үй көмегін алудың жолдары мысалмен түсіндірілді.  Кездесу соңында Ғ.Жалғасбай  тұрғындарды жеке қабылдап, консультация берді..

  Халықты жұмыспен қамту орталығы


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы