Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
«Елбасы және Жастары»
Добавлено: 27.11.2018
қаралды: 31

Бүгін 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай осындай тақырыппен аудандық жастар ресурстық орталығы мен Маңғыстау техникалық колледжі бірлескен дөңгелек үстел жиыны өтті. Жиын Маңғыстау техникалық колледжінде өткізілді. Кездесуге Жастар орталығының басшысы А.Қонарбаев, колледж директорының орынбасары Б.Шанкенова және жас мамандар мен студент жастар қатыстырылды. 

Кездесудің мақсаты – жастардың Тұңғыш Президент күніне орай Елбасы Н.Назарбаевтың өмір және еңбек жолын таныстыру, еліміздің бүгінгі күні мен болашағы жайында еркін  сұхбаттасу болып табылады.

Жиынды директор орынбасары Б.Шанкенова ашып, жүргізіп отырды. Кездесуде А.Қонарбаев: «Бұл күннің шығу төркініне шолу жасар болсақ, 2011 жылдың 10 желтоқсаны күні ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының бастамасымен «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданған болатын. Заң 1 желтоқсанда аталып өтілетін - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін белгілеген еді. ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің бірлігін, конституциясын, адам мен адамзаттың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы екендігі ешкімде де дау тудырмасы анық жайт. Осыған орай аталған Заңның қабылдануы арқылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Республикаға сіңірген ғаламат зор еңбегі танылған болатын» деді.

Жиында студент жастар Тұңғыш Президент күні туралы толық мағлұматтар алып, сауалдарына нақты жауаптарын алды.

  «Біз 27 жыл ішінде Елбасының арқасында бағындырған белестеріміз өте көп екені белгілі. Алда алар асуларымыз одан да көп. Бүгінде еліміз дамудың даңғылына түсе отырып, әлемнің дамыған 30 елінің қатарынан ойып тұрып орын алуға ұмтылған еді. Бұл белестің де, одан да зор асулардың да бағындырылатындығы сөзсіз. Оған Елбасымыздың бастамасымен қабылданған «Қазақстан-2050» стратегиясы, «Нұрлы жол» бағдарламасы, «100 нақты қадам» ұлт жоспары өз септігін тигізері анық.» дейді Маңғыстау техникалық колледжінің 2 курс студенті Дара Тұржан.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы