Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Кәсіптік білім жеке кәсіптерін ашуға көмектесті
Добавлено: 26.11.2018
қаралды: 28

Жаңа Серпін және Халықты жұмыспен қамту орталықтарының ұйымдастыруымен  биыл «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту  бағдарламасы аясында Жармыш ауылында жұмыссыз отырған 30 әйел аспазшы, тәтті өнімдерін пісіретін кулинар және тігін мамандықтры бойынша тұрғылықты жерінде оқытылып сертификаттарын алды. Қай ауылда болмасын бүгінгі таңда тәттілер дайындайтын адамдарға, тігіншілерге тапсырыстар көптеп  түсетіні белгілі. Тұтынушыларға ұсынайын деп отырған  қызмет немесе  өнім сұранысқа ие болса  кәсіптерін ашуға әбден болады. Сондықтан кәсібін бастауға ұсыныс жасау мақсатында  өткен аптада  Жармыш ауылында кәсіптік білім алған  12 әйелмен кездесу өткізілді.  Кездесуде оларға алған мамандықтары бойынша бірлесіп кәсіп ашу, қарамағындағы  жұмыскерлерімен еңбек шартын жасасу,заңмен белгіленген әлеуметтік төлемдерді уақытылы төлеу туралы айтылды. Сондай-ақ, айтылған  талаптар орындалған жағдайда келешекте босануға байланысты декреттік демалысқа шығуға болатыны , еңбек өтілімен зейнеткерлікке шығатыны,  несие-грант алу мүмкіндігі және медициналық көмекке қолжетімділігі туралы әйелдерге ақпараттық тұрғыдан түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу соңында  оқыған мамандықтары бойынша кәсібін бастауға 7 әйел ниет білдірді. Әйелдердің қолға алған істерін сәтті жүзеге асыра алатынына сенімдіміз.

  Халықты жұмыспен қамту орталығы


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы