Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
«Халықтық заңгер» акциясы өтеді
Добавлено: 26.11.2018
қаралды: 27

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті тұрғындардың құқықтық санасын көтеру мақсатында, Агенттіктің «Параграф» ақпараттық жүйесі, «Zakon.kz» желілік басылымымен бірлесіп ұйымдастыруымен 30.11.2018ж. сағ.16.00-де жалпыреспубликалық «Халықтық заңгер» акциясы өткізілетінін хабарлайды.

Акцияның мақсаты – халыққа білікті, тегін заң көмегін көрсету. Сіздерге кәсіби адвокаттар мен нотариустар, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қызметшілері оның ішінде, білім, денсаулық, еңбек, әлеуметтік көмек, ауыл шаруашылығы, жер салалары бойынша білікті де тәжірибелі мамандар құқықтық кеңестер беретін болады.

Іс-шара 30.11.2018ж., Ақтау қаласы, 11а ш/а, 2-ғимарат, «ЗАМАН» әмбебап сауда кешенінің (УТК «Заман») 1-қабатында сағ.16.00-де басталады.
Барлық сұрақтар бойынша аумақтық департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының қызметкері Ербол Жұмабайға хабарласуға болады. Жұмыс тел: 8 (7292) 30-36-43, ұялы тел: 8 (702) 670-85-01 хабарласуға болады.

Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы