Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Елбасының "Ұлы Даланың жеті қыры" мақаласы түсіндірілді
Добавлено: 26.11.2018
қаралды: 26

Бүгін аудандық жастар орталығында ұжым мүшелерімен Елбасының жуырда ғана жарық көрген мақаласыкеңінен түсіндірілді.

Мақаланы орталық басшысы А.Қонарбаев ұжым мүшелері мен орталық кітапхана ұжымына да айтылды. Кітапхана басшысы Г.Қасымова өз ойларын ортаға салды. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында біз кім екендігімізді анықтадық. Біздің xалқымыз сақтардың, ғұндардың, түркі этникалық топтарының мұрагері. Бұл бірақ ұлтшылдықтан ада сөз. Президент біздің тариxқа көптеген әртүрлі ұлт өкілдері еңбек сіңіргенін нақтылап айтты.Яғни бұл негізінен идеологиялық мәселе. Міне, осы маңызды болып табылады. Біз өзіміз үшін айқындалып алумен қатар бар әлемге xабар бердік. Кім екендігіміз және қандай бағытпен дамитындығымыз жөнінде. Бұл дәл уақытында көтерілген мәселе. Бұл жерде тағы бір маңызды тұсы бар. Біз кім екендігімізді танып қана қоймаймыз, оны ары қарай зерттейміз. алдымызда Көптеген тариxи жобаларды жүзеге асыру міндеті тұр», - деп А.Қонарбаев.

Басқосуда орталық кітапхана меңгерушісі  Г.Қасымова  «Мақалада Елбасы Бізге «Дала фольклорының антологиясын» жасау керек. Мұнда Ұлы дала мұрагерлерінің өткен мыңжылдықтағы халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері – ертегілері, аңыз-әфсаналары, қиссалары мен эпостары жинақталады. Сонымен қатар қазақтың қобыз, домбыра, сыбызғы, сазсырнай және басқа да дәстүрлі музыкалық аспаптарымен орындауға арналған маңызды туындылар топтамасын – «Ұлы даланың көне сарындары» жинағын басып шығару қажет.» деген Ұлы Даланың фольклоры мен әуендері заманауи цифрлық форматта «жаңа тыныс» алуға тиіс. деген  ойлары маған ұнады. Мен өзім кітапхана саласында 30 жылдан астам уақыт еңбек етіп келемін. Сондықтан ауыз әдебиеті жанрын топтастырып жинақтау бүгінгі күні өте маңызды деп ойлаймын» деді. 


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы