Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
ХАБАРЛАНДЫРУ !!!
Добавлено: 26.11.2018
қаралды: 17

Әскери қызметке келісімшарт бойынша шақырамыз

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына келісімшарт бойынша әскери қызметке іріктеу және жұмысқа шақыру жүргізілуде.

  Әскери қызметке 19 бен 29 жас аралығындағы әскер қатарында болған, білімі орта, арнаулы орта және жоғары білімі бар (жүргізуші куәлігі В, С немесе  В,С,Д,Е) сержанттар мен сарбаздарды және запастағы офицерлерді шақырады.

  Әскери қызмет басымдылықтары: лайықты айлық ақының кепілдендірілген және уақытылы төленуі, тұрғын үй жалдау өтемақысын  мемлекет есебінен төлеу, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әскери медициналық көмек және ҚР Заңына сәйкес басқа да жеңілдіктер қарастырылған.

  Жыл сайын демалыс беріледі. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге екі лауазымдық жалақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып жыл сайынғы негізгі демалыс беріледі.Демалыс ұзақтығы күнтізбелік есептеуде еңбек сіңірген жылдарына байланысты белгіленеді.

  Қосымша демалыстар. Оқу демалыстары жоғарғы оқу орнына түсуге емтихан тапсырушыларға беріледі.Оқу ақысының жартысын мемлекет өзі көтереді.Егер келісімшарт негізіндегі әскери қызметкер күнтізбелік есеп бойынша сегіз жыл әскерде сарбаз (мотрос), сержант (старшина) болса, ҚР оқу орындарының біріндегі ақылы негізде оқуға жұмсалатын шығындарын бюджет қаражаты есебінен оқыту құнының 50%-ы мөлшерінде өтеуге құқылы.

  Әскери қызметшілердің балалары тұрғылықты жерлері бойынша мектепке дейінгі мекемелерге (балабақша) кезексіз қабылданады.

Келісімшарт бойынша әскери қызметке ниет білдірушілерді барлық сұрақтар бойынша мына мекен-жай бойынша күтеміз:

Маңғыстау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (әскери комиссариат)

Шетпе селосы: И.Тленбайұлы көшесі – 4

Телефон: 8 /72931/ 2-17-54  ұ.т. 8/702/265 55 73  8/775/ 361 16 10


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы