Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Тұшыбек ауылының жастары алға шықты
Добавлено: 23.11.2018
қаралды: 33

Бүгін 1 желтоқсан Тұңғыш Президент  күні қарcаңында Маңғыстау ауданының 90 жылдығына орай Шетпедегі Жастар орталығында «Маңғыстау аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен аудандық білім бөлімінің  қолдауымен «Не? Қайда? Қашан?» атты жастар арасында зияткерлік ойындарының  Финалы өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Маңғыстау ауданының 90 жылдығының  маңыздылығын ойыншыларға түсіндіру, жастарға қазақстандық патриотизмді насихаттау,  бойына жауапкершілігі мол, ой-өрісі кең, қисынды пайымдап қоймай, маңызын ерекшелейтін жастар мен ойыншылардың көшбасшылық бейнесін қалыптастыру. Аудан жастарының білімін шыңдау Маңғыстау ауданының  тарихы мен өткенін ұрпақ жадында сақтау, құрметтеуге шақыру болып табылады.   

Финал ойынына  «Жас мамандар» тобынан  Тұшыбек ауылы, Шебір ауылы, Өтес ауылының жастар құрама командалары ал оқушылар тобынан А.Мендалиев мектебі мен Н.Жұбаев мектебінің оқушылар  командалары қатысты. Жарыс үш бөлімнен құралды. Олар: «Әлем», «Қазақстан», «Маңғыстау» деген бөлімдер.

Бес топтың ойындары өте қызық өтті. Ойыншылар міндеті тек көшбасшылық қасиетін көрсетіп қана қоймай, командалық жұмысын көрсету еді. Бәрі де ойдағыдай ұйымдастырылды. Бірнеше сағатқа созылған ойында Жас мамандардың ең көп сұраққа жауап берген «Жас мамандар» тобынан  Тұшыбек ауылы  жастарының «Отпан»  командасы мен оқушылар  тобынан Ескі  Шетпе ауылының «Жұбаев мектебі» жүлделі бірінші орынды алды.

Аталмыш  финалда  «Жас мамандар» тобынан екінші орынды Шебір ауылының  «Қаратөбе» командасы, үшінші орынды Өтес ауылының «Сайөтес» жастар құрама командасы місе тұтса, «Оқушылар» тобынан екінші орынды А.Мендалыұлы орта мектебінің «Алаш жастары» командасы алды.

«Бүгінгі шара өте жақсы және қызықты өтті. Мен білмейтін дүниелер көп ақ екен әлі. Алдағы уақытта осындай санамызды ашатын, көңіл көкжиегімізді көкірек көзін оятатын шаралар көптеп болса екен деген тілегім бар. Келер жылы «Жастар» жылы  құтты болсын.» дейді Өтес ауылының жас маманы Данияр Рысқұлов.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы