Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Ауданда кәсіпкерлер саны артуда
Добавлено: 23.11.2018
қаралды: 36

Қазіргі таңда кәсіпкерлерді қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар бар. Соның бірі - «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкелікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы.  Бұл бағдарлама  «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша жұмыссыздарды оқытып несие беруді көздейді. Несиенің үстеме сыйақысы – 6 пайыз және міндетті түрде кепілге мүлік қажет етіледі.

Үстіміздегі жылы кәсіпкерлер палатасының филиалынан «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 215 жұмыссыз азамат оқытылып (жоспар-215), 40 адам 168 миллион теңге  несие алды. Несиені ауыл азаматтары мал шаруашылығын дамытуға  алуда. Ауылдар бойынша тарқатып айтқанда, Шетпеде - 18 адам 79 миллион теңге, Ақшымырауда - 9 адам 32 миллион теңге, Шайырда - 2 адам 10 миллион теңге, Сайөтесте - 1 адам 10 миллион теңге, Тұщықұдықта - 2 адам 8 миллион теңге, Ондыда - 2 адам 7 миллион теңге,Үштағанда - 2 адам 7 миллион теңге, Жыңғылдыда - 1 адам 4 миллион теңге, Тұщыбекте (Отпан) - 1 адам 3 миллион теңге, Жармышта - 1 адам 4 миллион теңге, Қызанда - 1 адам 4 миллион теңге.  Араларында жаңадан жұмыс орнын ашуды  жоспарлап отырған кәсіпкерлер бар.

  Халықты жұмыспен қамту орталығы.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы