Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Шетпе жастары ағылшын үйренуде
Добавлено: 09.11.2018
қаралды: 14

Қыркүйек айынан қараша айы аралығында еліміз бойынша  «Нұр Отан» партиясы 7 мың оқушыны ағылшын тіліне оқытуды мақсат етіп отыр. Бұл жоба Маңғыстау ауданында сәтті жүзеге асырылуда.

Бүгінгі таңда аудан орталығы Шетпеде «English for Jastar» жоба­сының шеңберінде 9-11 сыныпта оқитын жүз оқушы­ларға арналған тегін факультативтік курс­тар оқытуда.

  Жоба Мемлекет басшы­сының тапсырмасы шең­берінде іске асып жатқан, үштілділікті енгізу жөнін­дегі ауқымды бағдарламаны қолдау бағытында дайындалды. Басты мақсат – оқу­шы­лардың ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыру­ға және қарым-қаты­нас ма­шығын жақсарту­ға көмектесу.  «English for Jastar» қанат­қақты режімде 2 ай бойы жүргізіледі.  Ағылшын тілін оқуды, тілдің қолданушылары мен «Жас Отан» жастар қанаты арнайы іріктеген отан­дық мамандар үйрете­ді.

Ауданымызда үштіл­ді­лікті дамы­туға ниет білдірген ерікті­лер мен ағылшын пәні  ұстаздар саны 5 адам болды. Олардың  екеуі мұғалім. Бірі Бекмурзаева Данагүл  болса екіншісі Темірханова Арайлым.  Екі мұғалімнің бірі – Шетпе лицейінің пәні мұғалімі Данагүл Бекмурзаева. Ол тілді үйрету жұмысын өз оқуорны Шетпе лицейінде жүзеге асырмақ.  – Менің мақсатым – ауыл­дық мектептердегі балаларды ағылшын тіліне оқыту. Сонымен бірге мен өзімнің білім деңгейімді арттыра түсуді де жалғастырамын. Бұл мен үшін тиімді тәжірибе болатын шығар деген ойдамын, – дейді ол. 

«Факультативтерде оқу­шылар мектепке қара­ған­да анағұрлым терең білім алатын болады. Аудан бойынша екі жерде оқыту процесі жүруде. Бірі Шетпе лицейінде ал екеншісі Алшын Мендалыұлы атындағы орта мектепте жүріп жатыр. Сонымен бір­ге таяу уақытта балалар­­дың шет елден келген тіл қол­дану­шыларымен және түрлі семинар трренингтер, түрлі сынып шеберліктерін үйренуге,  араласуға мүм­кіндігі болады. Сонымен бірге бар­лық курстарға қажетті оқу құралдары жеткізілді. Сондай ақ 172 Elementary мен Pre-Intermediate оксфордтық құ­рал жиынтығы бөлінді. Әр жиын­тықта оқушыларға ар­нал­ған Student`s Book, тап­сыр­маны жасауға арнал­ған Workbook, сонымен бір­ге ағылшын тіліндегі фильм­дердің DVD-дискілері бар.» дейді   «English for Jastar» жобасының  аудандағы жауапты маманы, «Жас Отан» ЖҚ жетешісі Аллаберген Қонарбаев.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы