Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Балабақша қызметі – балалар үшін
Добавлено: 07.11.2018
қаралды: 19

Ата-бабаларымыз жазу-сызуды білмеген кездің өзінде де бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, адам құқығын қорғауды назарда берік ұстаған. Сол себептен бүгінгі таңда бала тәрбиесі өте маңызды. "Рухани жаңғыру" - балабақшадан басталады. Шетпедегі "Нұрсая" жекеменшік балабақшасы өткен 2017 жылдан өз жұмысын бастады. Балабақша басшысы, іскер ұйымдастырушысы  - Алтынгүл Төлегенқызы Қауқарованың  ұйымдастыруымен балабақшаның заманауи үлгідегі жабдықтары мен балаларды оқыту, білімге баулу, терең тәрбиелеу бір жолға қойылды. Балабақшада екі топ бар. Ересектердің  тобы «Қыран» тобы, кішілердікі «Аяла» тобы. Екі топта елу бала тәрбиелеуге. Бәрі де мемлекеттік  тапсырыс негізі және білім бөлімі арқылы қабылданды. 

Әр ай сайын ата - аналармен жұмыс, тренингтер, жиындар, коучингтер  өз дәрежесінде өтеді. Жуырда ғана балбақшада "Алтын күз" мәдени - іс шарасы  жоғары дәрежеде өткізілді.Бұл ретте балаларды  шараға қатыстыруға және белсенділік танытуына  балабақша әдіскері Надирова Әлия мен осы жолдардың авторы  ерекше үлестерін көрсетті. Бұл шараға төрт отбасы қатысты. Ата аналар мен балалардың қатысуымен өткен шара өте қызықты өтті. Сайыс төрт бөлімнен тұрды. Олар «Танысу», «Өнеге», «Білім ұясы», «Тәрбие бесігі» болып. Барлық бөлімдерде бала бойына зор тәрбие мен ұлағаттылық ұясын жандандыра білетін шаралар. Сайысқа қатысушыларды балабақша басшылары мен ата аналардан құралған әділқазылар  алқасы өзара анықтады. Сайыста балалар мен ата-аналар қолөнер шеберлерінің  көрмесі өткізілді.

Сонымен  жүлделі бірінші орынды  Бауыржанұлы Ахмет, екінші орынды Абылай Аянат пен  Азербайжанова Ақерке, үшінші орындарды  Кенжебекұлы Бағдат, Мәлік Алинұр, Әбдірахман Ардақ  иеленді. Барлық қатысушыларға ұйымдастырушылар атынан сыйлықтар мен Алғыс хаттар табыс етілді.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы