Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Шетпе жастары алға!
Добавлено: 06.11.2018
қаралды: 29

  Жуырда өткен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Маңғыстау облыстық департаментінің ұйымдастыруымен облыс жастары арасында зияткерлік ойындарынан Шетпелік жастар жүлдемен оралды. Зияткерлік ойын жарысының басты мақсаты – жастар арасында жемқорлықты алдын алу мен жоюды қолға алу, аты жаман замана індеті жайында жастарға кеңінен түсінік беру болып табылады.

"Данышпан - 2018" деп аталатын облыстық жастар зияткерлік ойындарына облыстың әр түкпірінен аудан қалаларынан 15 ке  жуық команда қатыстырылды. Аудан намысын аталмыш жарыста Маңғыстау техникалық колледжінің «Шерқала» командасы қорғады. Құрамында колледж студенттері Ізгуов Олжас, Мұратбеков Ринат, Оразов Аян, Мейрамбекұлы Аян, Дара Тұржан. 

Бір күнге созылған зияткерлік ойындарында «Шерқала» командасының капитаны, Маңғыстау техникалық колледжінің 2 курсының үздік студенті Тұржан Дара  "Үздік капитан" аталымы бойынша арнайы марапатталды.

«Шарада әр команда  бүгінгі таңдағы  ең өзекті тақырып саналатын сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жою жөнінде өз ойларын айтуы шарт. Сондай ақ команда мүшелері  жемқорлықты жоюдың жолдарын ұсынуы қажет. Мен, бұл аты жаман індетті бір мекеме ғана емес онымен барша қоғам болып күрессек ғана оны жеңеміз деп ойлаймын. Сонымен бірге Қытай еліндегі сияқты жемқорларды өлім жазасына кесу керек деп ойлаймын. Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де зор нұқсан келтіріп отырдеймін.

Біздерді даярлап, қол ұшын созғаны үшін колледж ұстазы Тәжиева Назгүл мен колледж әкімшілігіне алғысымыз шексіз.» дейді студент Дара Тұржан.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы