Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Астаналық жастар - Шетпеде
Добавлено: 05.11.2018
қаралды: 20

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «МЕНІҢ ЕЛІМ» тарихи өлкетанымдық жобасы бойынша «Еділ-Жайық-Каспий» сапарының қатысушылары киелі өңір Маңғыстау ауданына келді.
  Маңғыстау облыстық әкімдігінің қолдауымен, Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясы Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 4 қараша күні Атырау-Маңғыстау бағыты поездынан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті студенттерін Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Махмутов Маңғыстау аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Қонарбаев Аллаберген, Тұшыбек ауылының әкімі Орынғали Күзембаев және бір топ Маңғыстау жастарымен күтіп алды.

Астаналық жастаралдымен Отпан тау кешенінде болды. Мұнда жастар өлкенің тарихымен кеңінен танысты. Жастарға кешеннің ішін жас өлкетанушы Бекболат Төлегенұлы таныстырып жүрді. Бұдан соң жастардың қатысуымен өлкетану кешенінде «Туған жерім - байтағым» атты дөңгелек үстел өтті.Жиынды  аудан әкімінің орынбасары Е.Махмутов ашып жүргізді. Е.Махмутов жиында «Маңғыстау ауданына биыл 90 жыл. Ауданның торқалы тойымен тұспа тұс келген сіздердің қадамдарыңа гүл бітсін. Кәрі шаңырақ саналатын киелі жердің  әрбір тасы аңыз бен тарихқа толы. Сондықтан жастар үшін әсіресе  басқа жақтан келген жастар үшін бұл керемет болуы мүмкін деп,  ауданның  бүгінгі өмірі мен өткені жайында кеңінен әңгімелеп берді.

Шара одан әрі Шетпе ауылы мен  Шерқала, Айрақты таулы жерлерінде де жалғасын тауып соңы Ақтау қаласында жалғасты.

«Университеттің  басшылығымен қолға алынған шара өткен жылы бастау алды. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламсын басшылыққа ала отырып біздің жастар Оңтүстік өңір, Шығыс өңір, міне бүгін Батыс өңірлеріне арнайы сапар шекті. Қайда барсақ та ауыл жастары құшақ ашып қарсы алып жатыр. Қуаныштымын. Келер жылы  Солтүстік өңірлерге жолға шығамыз. Құрамында әртүрлі факультеттің студенттері бар топтың атынан сіздің аудан мен өңір басшылығына алғысымызды білдіреміз» дейді Л.Гумилев атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Жастар саясаты ісі бөлімінің басшысы Жамбыл Тлепов.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы