Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-бүгінгі күн талабы
Добавлено: 25.10.2018
қаралды: 20

Мемлекеттік қызметке қабылданған азамат ең алдымен халықтың қызметшісі екенін түсінуі керек. Негізгі тұтынушысы халық болғандықтан, қарапайым азаматтарға сапалы қызмет көрсетіп, көңілінен шығуды, сеніміне ие болуды басты міндеті деп түсінуі шарт. Ал мәртебелі қызметті өзінің игілігіне пайдаланып, беделін арттырудың, қалтасын қалыңдатудың құралына айналдырғандардың  жолы қысқа. Бүгінде өзіне берілген мүмкіндікті дұрыс пайдаланбай, сыбайластығы, жемқорлығы үшін абыройынан да, жиған тергенінен де айырылып, сотты болып жатқандар емес. Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда.Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Әсіресе халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандайда бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Көрсетілетін қызметтің көпшілігі электрондық форматқа ауыстырылды. Яғни, заңдық тұрғыдан жемқорлықтың алдын алудың, жоюдың тетіктері толық жасалған. Арнайы құзырлы орындарда бар. Алайда тамыр-таныстық жойылып кете қойған жоқ. Мұның себебі неде? Жалпы, жемқорлықты жеңу мүмкін бе? Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады. Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білемін.

Бас маман Жанабаева Б.К. Маңғыстау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы