Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Жолдау жастарға түсіндірілді.
Добавлено: 31.10.2018
қаралды: 31

Жуырда Елбасы Жолдауын халық арасында кеңінен талдап түсіндіру мақсатымен  Шетпедегі Маңғыстау техникалық колледжі студенттері мен қызметкерлерімен кездесу өткізілді. Аталмыш жиынды аудандық Жастар орталығының басшысы Аллаберген Қонарбаев кіріспе сөзбен ашып, Жолдауға байланысты ой - тұжырымдарын ауданда атқарылып жатырған нақты істермен ұштастырды.

  Алғашқы болып сөз алған колледж директорының орынбасары Балжақсы Шанкенова,  Елбасы Жолдауында қамтылған басым бағыттарды саралап, дамудың бағдарына айналған Жолдаудан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру жолдарын талқылады. Мәселен, мемлекет  дамуының  сындарлы сәттері, халықтың әл-ауқатын арттыру шарттары және Жолдауда айтылған біліммен ғылым  төңірегінде ой өрбітіп, Елбасының "Қазақстандықтардың əл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" тақырыбындаЖолдауының халқымыздың бірлігін нығайтып, елімізді жоғары қарқынмен даму көкжиегіне нық қадам басуға бастайтындығына сенімді екенін білдірді.

  «Елбасының биылғы Жолдауы - еліміздің өркендеуінің алғышарты. Әр жыл сайынғы Президент жолдауы өз жаңалықтарымен, құнды идеяларымен, еліміздің жаңғыруына, өркендеуіне негіз болатын салмақты тұжырымдармен ерекшеленеді. Өйткені Президент Жолдауы еліміз үшін жыл сайынғы басты құжат. Президенттің биылғы Жолдауы Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға арналып отыр. Осыған орай бұл Жолдау бүкіл халықтың көңілінен шықты, себебі келер жылы Елбасы «Жастар» жылы  деп жариялады. Бұл ретте мемлекетіміздің барлық аумақтарында  ауыл жастары тарапынан кең қолдау тауып отыр», - дейді Аллаберген Қонарбаев..

  Өз ойларын еркін жеткізіп, халықпен пікір алмасу сипатында өткен жиында Шетпе селосы әкімдігінің бас маманы Арғын Жамбозов, ардагер ұстаз, ҚР Білім беру ісінің үздігі Ағайша Мангурова, колледж студенті Дара Тұржан Елбасының Жолдауына шынайы қолдауларын білдіріп, ойларын ортаға салды.

  Елбасы Жолдауын талдап түсіндіруге арналған алқалы жиынды  А.Қонарбаев қорытындылады.

«Барды ұқсата білсек, ұтарымыз көп Елбасы өз Жолдауында мемле­кетіміздің қазіргі жағдайында бизнесті көтеру керектігін қайыра еске салды. Ос­ы жолы да шағын және орта кәсіпкерліктің, жалпы бизнес саласының алға басуына үлкен басымдық беріліп отыр. Кез келген қоғамда орта тап әлеуетті болмайынша, ол мемлекеттің қарқынды дамуы екіталай екені белгілі. Сондықтан осы мәселеге Елбасының айрықша көңіл бөлгеніне ризамыз.  Қарқынды дамыған елдің жетістігі неден туындайды? Ол алдымен ғылым мен білімге жағдай жасаудан басталады. Осы орайда Президент болашақ жастарымыздың сапалы білім алып, сауатты маман болуына балабақшадан бастап жағдай жасалуына мүмкіндік берді.» дейді жас маманы Нұржамал Қайратқызы.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы