Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Партияның 28 ші конференциясы өтті
Добавлено: 30.10.2018
қаралды: 32

Бүгін Шетпеде аудандық «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау аудандық филиалының кезекті 27 ші есеп беру конференциясы өтті. Жиынды аудандық партия филиалы төрағасы Жармағанбет Айтуаров  жүргізіп отырды. Конференция делегаттарының өкілеттіктерін бекіту үшін конференцияның мандат комиссиясының мүшесі Орынғали Күзембаев хабарлама жасады.

  Конференция жұмысы үш бөлімнен тұрады. Олар биылғы 5қазандағы Елбасы, партия төрағасы  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Қазақстандықтардың əл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" тақырыбындағы  Жолдауда  жастарға  жүктелген міндеттер, сондай ақ  аудандық филиалдың  2018 жылға  атқарылған жұмыстары туралы аудандық филиалы төрағасының орынбасары А.Ордабаеваның есебі, соңғысы облыстық конференцияға делегаттар сайлау.

  Жиында  бірінші тақырып бойынша «Жас Отан» ЖҚ жетекшісі, Жастар орталығының басшысы А.Қонарбаев 2019 жылы атқарылатын жұмыс жоспарлары мен жан -  жақты қамтылған  баяндамасын оқыды. А.Қонарбаев: «Елбасының жылдағы дәстүрлі Жолдауынан халқымыз жақсылық күтеді. Тағы қандай әлеуметтік көмек беріледі, жалақы қаншалықты көбейеді деп күтетіндер де бар.Бұл бүгінгі таңда ең өзекті тақырыптар екені айдан анық. Елбасы келер жылдан бастап бюджеттік қызметкерлердің жалақысын 35 пайызға өсіруді  тапсырды. Ол біз сияқты бюджеттік сала мамандарына зор қолдау деген сөз. Өзімнің төрт балам бар, менің де жолдасым бюджеттік салада еңбек етеді. Биылғы Елбасының жолдауы біздің отбасы үшін де зор қолдау болды. Өйткені жалақының өсуі біз сияқты жастарға мол мүмкіндіктер береді.Барды ұқсата білсек, ұтарымыз көп Елбасы өз Жолдауында мемле­кетіміздің қазіргі жағдайында бизнесті көтеру керектігін қайыра еске салды. Ос­ы жолы да шағын және орта кәсіпкерліктің, жалпы бизнес саласының алға басуына үлкен басымдық беріліп отыр. Кез келген қоғамда орта тап әлеуетті болмайынша, ол мемлекеттің қарқынды дамуы екіталай екені белгілі. Сондықтан осы мәселеге Елбасының айрықша көңіл бөлгеніне ризамыз.  Қарқынды дамыған елдің жетістігі неден туындайды? Ол алдымен ғылым мен білімге жағдай жасаудан басталады. Осы орайда Президент болашақ жастарымыздың сапалы білім алып, сауатты маман болуына балабақшадан бастап жағдай жасалуына мүмкіндік берді.» деді. Бұдан соң  аудандық филиалдың  2018  жылға  атқарылған жұмыстары туралы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Айбарша Ордабаеваның есебі тыңдалды. 

Конференцияда «Ардагер» бастауыш партия ұйымының төрағасы Қуантқан Исаев өзінің оң бағасын беріп,  ойын білдірді. 

Жиын соңында  Маңығстау облыстық филиалының кезекті 28 конференциясына делегаттар сайлау мәселесі бойынша партия Жарғысының 9.6 бабына сәйкес партияның облыстық филиалының 28 - ші конференциясына аудандық партия филиалының атынан облыстық филиал Саяси Кеңесі Бюросының бекіткен квотасына сәйкес, яғни партия филиалынан 30 делегат сайланды.

Жиынды партияның аудандық филииал төрағасы Ж.Айтуаров қорытындылап, ауданның 90 жылдық медалімен құттықтап  ардагерлер Сырым Күзембаев пен Едіге Үбінаевтарға мерекелік төсбелгі тақты. Сондай ақ  облыстық делегаттарды  тағы бір мәрте құттықтап, конференцияға жиналғандарға партия атынан алғысын жеткізді.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы