Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Жастардың діни көзқарасы маңызды!
Добавлено: 26.10.2018
қаралды: 32

  Жуырда  Шетпедегі аудандық мәдениет үйінде мектеп оқушылары мен дінтану пәні мұғалімдерінің,  сондай ақ мектеп басшыларының қатысуымен алқалы жиын өтті. Жиын Маңғыстау аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Заңғар асу» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Дін және рухани құндылықтың ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі» тақырыбында ұйымдастырылды.

  Аталмыш кездесуде «Ақ жол-жастар» жастар қанатының жанынан құрылған «Ақ жол» жастар театрының әуесқой әртістері, драматург, ұстаз Өтен Аxметтің «Ананың ақ сүті» атты қойылымын саxналады.
  Шараға арнайы Астана қаласынан ҚМДБ насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы, облыстық Бекат ата мешітінің  бас имамының көмекшісі Елжанов Қажымұхан, Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Махмутов, Маңғыстау ауданының бас имамы Құралбай Амалбайұлы қатысты.
  Шарада алдымен «Ақ жолдық» жастардың қойылымында жат діни ағымдардың көздеген мақсаттары, олардың зардаптары, қоғамға тигізер қауіптіліктері мен жағымсыз әсерлері, дәстүрлі емес діннің жетегінде жүріп үйінен безіп, көзі қарайып кеткен, діни сауатсыздықтың құрбаны болған қазақ жастарының тағдыры сахналанды.
  Сондай-ақ, ананың бар ауыртпашылығына көніп, ауру бола тұра төзе білген сенімді ұлдың, қоғамда белең алған оқиғалардың бірі жас келіннің айқайы яғни, бір ғана отбасындағы жағдай арқылы қоғамдағы трагедия көрсетілді. Қойылымды тамашалаған ұстаздар мен оқушылар өз пікірлерімен бөлісті.

  Әсерлі қойлымнан соң аудан әкімінің орынбасары Е.Махмутов, ҚМДБ-ның насиxат және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Алтынбек Ұтысxанұлы, «Заңғар асу» қоғамдық қорының директоры, ұстазы А.Дүйсембаевалар сөз алып ауыл жастарына бүгінгі таңдағы діни көзқарас туралы өз ойларын ортаға салды.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы