Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Нұрын шашқан – Ұстаз !
Добавлено: 30.10.2018
қаралды: 25

Жуырда ауднаға қарасты Жыңғылдыда жағымды жаңалық орын алды. Жыңғылды ауылындағы С.Нұрниязұлы атындағы мектеп интернатында көп жылдар бойы ұстаз болып, басшысы, осы білім ордасында оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарған ұлағатты ұстаз Бексұлу Шорақызы Ванова атындағы информатика кабинеті ашылды. Кабинеттің ішіне өмірбаяны жазылған еңбек және өмір жолы жазылған арнайы үлкен стендті  оның туыстары жабдықтап берді. 
  Кабинеттің салтанатты ашылу шарасына ауыл әкімі  Ізден Бошманов, аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Еркін Мажитов, аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Аллаберген Қонарбаев, кабинетке есімі беріліп отырған  ұлағатты ұстаз болған марқұм Бексұлу Ванованың туысы ғалым математик ұстазы Қуантқан Ванов және Б.Ванованың шәкірттері мен бұрынғы әріптестері, туған-туыстары, мектеп басшылары, ұстаздары қатысты. 
  Кабинеттің ашылу рәсіміне арналған шарада кабинет есігіне керілген лентаны қию құрметі ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы, Жыңғылды ауылының төле биі, Маңғыстау ауданының Құрметті азаматы, ұлағатты ұстаз Базархан Сүйеуов пен өлкетанушы ғалым, Б.Ванованың әріптесі болып бір салада еңбек еткен досы Отыншы Көшбайұлына ұсынылды.

Осыдан соң іс-шара мектеп интернаттың акт залында жалғасты. Шараның шымылдығын мектеп интернат басшысы Нағима Айжанақова құттықтау сөзбен ашты. «Бар ғұмырын  ұлағатты ұлы жолда ұстаз болып шәкірт үшін аянбай еңбек еткен Бексұлу Шорақызының  қалтқысыз қызметі ұшан теңіз. Ұстаз деген ұлы есімді арқалап адал қызмет жасаған Бексұлу апайдың ақжарқын мінезі, әрқашан күліп тұратын жылы жүзі біздер үшін ұмытылмас өнеге, ерекше үлгі болатын еді. Оның жарқын жүзі әлі де көз алдымызда самсап тұр.» деді.

Бұдан соң мектептің оқушылары ардагер ұстазға деген жыр жолдарын арнаса, Бексұлу Ванованың замандастары мен әріптестері сөз алып естіліктерімен бөлісті. Оның ішінде  сөз алған өлкетанушы Отыншы Көшбайұлы : «Бексұлудың жарқын бейнесі біздер үшін ұмытылмас еді. Ол әйел заты болса да еркек адам сияқты жұмыс жасайтын. Әсіресе адамдармен басшылармен тіл табысқыштығы өз алдына бір әңгіме. Кез келген жұмысты дүр айналдырып кететін қасиеті біз сияқты ер азамттарды таңғалдыртын еді. Оның азаматшылдығы осында жатыр» деп тереңнен тебіренді.

Салтанатты жиынды жүргізушілер кезінде аталмыш мектепті басқарған  Бекұслу Ванованың өмір жолынан сыр шертті. Ол 1947 жылдың ақпан айының 15 - жұлдызында Маңғыстау ауданының,  Жыңғылды ауылында дүниеге келген. 
1967 жылы Қызылорда  мұғалімдер педучилищесін бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша тәмәмдаған. 1968 жылы ұстаздық еңбек жолын Жыңғылды ауылындағы  бұрынғы Т.Шевченко атындағы мектепи нтернаты, бүгінгі Саду Нұрниязұлы атындағы облыстық мектеп интернатынан  бастайды. Алғашында мұғалім, кейіннен 1974 жылдан  бастап Куйбышев атындағы бүгінгі Есір Айшуақұлы  атындағы орта мектептің тәрбие ісі жөніндегі ұйымдастырушысы қызметін адал атқарған. Содан 1979 жылдан  бастап  Т.Шевченко атындағы мектепи нтернаты, бүгінгі Саду Нұрниязұлы атындағы облыстық мектеп интернатында,  Куйбышев атындағы бүгінгі Есір Айшуақұлы  атындағы орта мектепте оқу тәрбие  жөніндегі орынбасары болған. 1984 жылдан бастап Т.Шевченко атындағы мектеп интернатында директоры болып еңбек етті.

  Бексұлу Ванова  - «Халық ағарту ісінің озық қызметкері» төсбелгісінің иегері, «Құрмет белгісі» орденінің иегері атанды. Сан ұрпаққа өлшеусіз тәрбие мен терең білім берген Бексұлу Шорақазы 56 жасында ауыр науқастан дүниеден  өтті.  . 
  Абзал жан, ұлағатты ұстаздың есімі енді әріптестерінің, шәкірттерінің естерінде мәңгі сақталатын болады. 
  Кездесу кешінің өту барысында ауыл әкімі Ізден Бошманов «Елбасының өткенжылы қабылданған «Рухани жаңғыру - болашаққа бағдар»  «Туған жерге тағзым» акциясына үн қосып отырған туыстары мен мектеп әкімшілігіне  Жыңғылды ауылы халқы атынан рахмет айтып, ыстық лебізін білдірді. Мектеп ұжымына табыс, жетістіктер тіледі. 
  Осыдан соң сөз алған туыстары  атынан  ғалым ұстаз Қуантқан Ванов пен Баршагүл Вановалар  бүгінгі кештің өту барысымен таныстырып, туысы Бескұлу Ванованың атына кабинет беріп отырған мектеп интернат ұжымына рахмет айтты. Мектеп оқушыларына сабақты жақсы оқыңдар деген жүрекжарды тілегін жеткізді. 
  Жиында өлкетанушы, облыстық өлкетану мұражайының директоры Тамара Қалмырза қызы, Е.Айшуақұлы атындағы ортамектептің басшысы Айкүміс Саудабаева, осы игіліктің бастамашысы болғанНағима Айжанақоваға  естілек кітаптары мен сый сияпат тапсырды. 
  Кездесуде мектеп интернат ұжымы атынан басшысы Н.Айжанақова ғұмырын мағыналы өткізіп, өмірін бала оқытуға арнаған, артына тәрбиелі шәкірттер қалдырған Бескұлу Ванованың  туыстарына деген ризашылықтарын
білдірді.

Бұдан соң мектеп интернаттың ішін аралаған қонақтар естелік суретке түсті. Шара соңы еске алу дастарханымен жалғасты.

«Бексұлу Ванова – шынына келгенде  мықты маман болды. Оның ұстазболып шәкіртке ұрысып немесе қатты сөз айтқан күніні көрмедім. Қашан көрсем де жымиып күліп тұратын. Адам баласына болсын деген ізгі ниеті ерекше еді.  Ұстаз деген ұлы есімге әбден лайықты жан болатын. 1968 жылдан бері мен Бескұлумен бір мектепте, ғимаратта еңбек еттім. Содан бері 50 жылға жуық уақыт өтіпті. Бексұлудың 2003 жылы дүниеден озған уақытан дейін мен бірге болдым. Екеуміз бір ауылда сыныптас болдық, кейін  бір оқу орында  группалас болдық, одан кейінгі жылдары бір салада жұмыстас болдық. Оның адами қасиеттерге бай тұлғасы жоғары еді. Бүгінгі ашылып отырған кабинеті оңынан болсын. Бұл аздық етеді. Алдағы уақытта осы ауылдан көшенің атына немесе өзі тұрған үйегі естелік тақта орнатуды қолға алу керек сияқты. Бексұлуқа қандай атақа берсек де жасасақ та артық етпейді деп ойлаймын.» дейді замандасы досы, ҚР Білім беру ісінің үздігі, ұстаз  Тоймекен Сағымбаева.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы