Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Жарыста жүлдемен оралды.
Добавлено: 26.10.2018
қаралды: 43

Сүйінші! Күні кеше ғана Шетпе вокзалында қуанышты жағдай орын алды. Маңғыстау ауданының тумасы Тұщыбек ауылының тұрғыны құсбегі, бүркітші Айшуақ Тайманов Астанада қазанның 14-18 де өткен Күнтуған Тоқтыбайұлы атындағы Халықаралық турнирге қатысып бағын сынады.

Құсбегіліктің  нағыз қас шеберлері мен әлемнің 10 ға жуық мемлекетінен келген «сен тұр мен атайын» деген мықты  мамандары қатысқан жарыста «Байрақ» атты бүркіті мен «Жебе» атты ителгісін қатар жарысқа қосып жүлдемен оралды. Яғни, қазақтың қасиетті құсы Ителгілер жарысынан байқауда жүлделі  I ші орын, ал бүркітшілер сайысында жүлделі III орынға ие болды.

Аудан, тіпті облыс тарихында тұңғыш рет аталмыш сайыста Республикалық дәрежеде орын алған айшықты оқиғаны қалт жібермей аудан жастары Шетпе вокзалынан құсбегі, жас саятшы Айшуақ Таймановты зор ықыласпен күтіп алды.

Мерейлі сәтті Шетпе жастары үлкен қошаметпен қарсы алып, аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Қош келдің - Айшуақ! Жеңісіңмен!" атты жастар акциясын ұйымдастырды. Аталмыш акцияда жастар орталығы жанындағы еріктілер тобы мен Б.Жұмалиев атындағы орта мектеп оқушылары белсенділік танытты. Шараға сондай ақ Отпан ауылдық округінің әкімі Орынғали Күзембаев та қатысып құттықтау сөзін айтты.

«Бұл байқауға алғаш рет  қатыстым. Бұған дейін бірнеше мәрте республикалық, аймақтық құсбегілер жарыстарына қатысқан едім. Шүкір жүлдесіз келмедім. Менің «Байрақ» атты бүркітім бір жаста босла, «Жебе» атты ителгім әлі балапан. Бұлардың бұл жарыс бірінші реті емес. Өткен жылы аймақтық жарыста да қанжығамыз майланған еді. Құстарымыз барған жерінде жүлдесіз келмейді. Мен бұл ата кәсіппен 10 шақыт жылдан бері айналысып келемін.» дейді Тұщыбек ауылының тумасы Айшуақ Тайманов.

Зор қуанышты сәтті пайдалана отырып, Айшуақ замандасымызға ұлттық құндылықтарымызды одан әрі дамытып, ұлықтай беруіне тілектеспіз. Қуаныш құтты болсын ағайын!


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы