Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
«Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы»
Добавлено: 26.10.2018
қаралды: 128

Аттракцион дегеніміз –әр түрлі ойын-сауық құрылыстарының жалпы атауы. Балаларға арналған аттракцион-балалардың көңілін көтеру үшін арнайы жобаланған (бойы 90-нан 160 см-ге дейін) аттракцион. Балалардың аттракциондарда қозғалысы барысында, көңілін көтеру кезінде өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында, осы ойын-сауық құралдарын орналастыру, қолдану тәртібіне қатысты бір талап қабылдау қажет болды. Сондай талаптардың бірі 18.04.2018 жылы 038/2016 ЕЭАО/ТР Еуразиялық экономикалық одақтың «Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті қабылданды.Аталған техникалық регламент қарапайым қауіпсіздік талаптарынсақтауға, жарақат алу қаупі бар шолу дөңгелектеріне, катапульттерге, әткеншектерге, картингке, үрмелі батуттарға, сырғанақтар, электромобильдер, су аттракциондары және көптеген басқа ойын-сауық механизмдеріне қолданылады.Осы регламент жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін әзірленді. Сонымен қатар ескі аттракциондарды пайдалану талаптары мен шарттары ұлттық заңнамамен анықталады.

Техникалық регламент талаптарына сәйкес аттракциондардың паспорты болуы қажет.  Аттракцион паспорты деп – әзірлеушінің кепілдігін куәландыратын мәліметтерді, аттракционның негізгі параметрлері мен сипаттамаларының мәнін, сондай-ақ аттракционның сәйкес келуін растау туралы және оны жою туралы мәліметті қамтитын құжатты айтамыз.

Балаларғаарналған аттракциондардың қауіпсіздік талаптары аталған техникалық регламентте белгіленген:

1)  Әртүрлі жастағы балаларға арналған аттракциондарды пайдалану ерекшелігін ескеру;

2)  Аттракциондарда қолданылатын материалдар балалар денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсер етпеуі, өте төмен климаттық зоналарда материал бала терісімен қатынаста термиялық күйіп қалуды болдыртпауы керек;

3)  Еркін құлаған жағдайда қауіпсіз биіктікті қамтамасыз етуі тиіс;

4)  Аттракционды жобалаушылар және өндірушілер балалардың жас ерекшелігіне байланысты қосымша қауіп қатерді ескеруі қажет, олар физиологиялық, психологиялық, антропометриялық. Мысалы, ойын-сауық құрылғыларында, қозғалмалы бөліктерінде тесіктер қалдырмау керек, себебі бала қолын, аяғын немесе басқа заттарды тесіктерге оңай тығып алуы мүмкін;

5)  Жабдықтың барлық қозғалмалы бөліктерін, сондай-ақ қозғалмайтын элементтерін (балалар ұстауы мүмкін бөлшектер) жарақат алуға қауіпсіз материалдардан немесе жабындылардан жасау қажет;

6)  Аттракциондардың барлық ықтимал қауіпті жерлері таяныштар және қоршаулармен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен бірге, құрылымға балаларға тұруға немесе оларға отыруға мүмкіндік бермеуі керек. Егер аттракцион құрылғысы бұзылған болса, жабдықтың жұмысын дереу тоқтату керек.

Сонымен қатар, аттракционға кірер алдында пайдалану қағидалары мен шектеулері туралы мәліметтермен қамтылған ақпарат тақтасымен (стенд) жабдықталып, оның ішінде:

- келушілергеойын-сауықтың экстремалды сипаттамалары, биіктігі мен салмағын шектеу, бой өлшегіштер мен таразыларды орнату туралы ақпарат;

-  механизм жұмысының бұзылуы бойынша дабылмен қамтамасыз ету туралы ақпарат;

-  алғашқы медициналық көмек көрсету туралы ақпарат.

  ЕЭАО техникалық регламенттерінің талаптарын сақтауына аттракцион иелерінің күнделікті техникалық жағдайын тексеру қажеттілігін, сонымен қатар оны жұмысшы журналында көрсету, үнемі майлау, реттеу және мамандандырылған кемшіліктерді анықтауды қоса алғанда алдын – алу жұмыстарын жүргізу міндетті болып табылады.

Аттракциондар техникалық регламенттердің қауіпсіздік талаптарына сәйкес және сәйкестікті растау рәсімінен өткен мемлекеттер нарығында бір тауардың айналым белгісімен белгіленеді. Қауіпсіз құрылғылар Еуразиялық экономикалық одақтың латын тілінде – ЕАС эмблемасы түрінде арнайы таңбаланады.Сонымен қатар ағымдағы жылдың қараша айынан бастап Кеден одағының «Балалар ойын алаңдарына арналған жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» (042/2017 ЕАЭО/ТР) техникалық регламент күшіне енеді. Бұл техникалық регламентте бұрын пайдаланылмаған жабдықтарға қойылатын қауіпсіздік талаптарын және балалар ойын алаңдарының  жол төсенішін әзірлеу, дайындау, монтаждау, пайдалану, тасымалдау және сақтауды белгілейді.

Адам өмірі мен денсаулығын, соның ішінде балалардың  жарақаттану себептерінің алдын алу үшін, уәкілетті бақылаушы мемлекеттік органдар жыл бойына техникалық регламенттерде белгіленген талаптар туралы хабарлауға бағытталған ақпараттық түсіндерме жұмыстарды жүргізеді. Сонымен қатар, саябақтар мен ойын-сауық орталықтарында балалар мен ересектердің демалыс күндерін көңілді өткізу үшін,балалардың ойын алаңдарындағы қауіпсіздігін және оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында,қызмет көрсететін кәсіпкерлік субъектілер мен білім беру саласындағы мекеме өкілдері «Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент талаптарымен танысуыаса маңызды деп есептеймін!

«Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы» (038/2016 ЕЭАО/ТР) техникалық регламент туралы толық ақпаратты www.eurasiancommission.org Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында алуыңызға болады.   

 

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бас маманы- Төлесін Нурлыбек Берікұлы


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы