Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Парламент депутаттары ауданымызда
Добавлено: 25.10.2018
қаралды: 45

Бүгін Шетпедегі С.Қоныдбай атындағы облыстық мұражайда Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаттары Бақтығожа Ізмұханбетов пен Абай Тасболатов, облыс әкімінің орынбасары Мақсат Сқақовтың және аудан әкімі Ж.Айтуаровтың қатысуымен аудан тұрғындарының кездесуі өтті.

Жұмыс сапарымен келген депутаттардың негізгі мақсаты – жуырда ғана жарияланған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мырзаның Ақордада  "Қазақстандықтардың əл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" тақырыбындаЖолдауды ауыл тұрғындары арасында талқылау, түсіндіру.

Жиынды аудан әкімі Ж.Айтуаров мырза ашып, жүргізді. Алдымен сөз алған мәжілісмен Бақтығожа Салхадинұлының Жолдаудағы негізгі міндеттері кеңінен тоқталды. Ол әсіресе келер жылы орын алатын бюджеттегі  өзгерістер мен толықтыруларды кеңінен айтып берді.

Б.Салхадинұлы: «Келер жылдары  мұғалімдердің жалақсын өсіру үшін республикалық бюджеттен 5 млрд теңге бөлінеді. Әр қаражатты тиімді және орынды жұмсау негізгі міндет. Жолдауды біз талқыламаймыз біз жолдаудың жүйесін кеңінен насихаттай отырып ауылдықтарға түсіндіреміз. » деді.

Бұдан соң А.Тасболатов сөз алып «Жастарды әскери патриоттық тәрбиелеу негізгі міндет болуға тиіс. Өйткені қазіргі таңда Отанды қорғаушылар саны көңіл көншітпейді. Сондықтан келер жылдан бастап мектептердегі бастапқы әскери дайындық пәнін тереңдетіп оқытуды қолға алуымыз керек. Елбасы 2019 жылды Жастар жылы деп бекерге жарияламады. Сол үшін жастарға көп көңіл бөлу керек деп ойлаймын» деді.

Жиында облыс әкімінің орынбасары Мақсат Нұрлыбекұлы, ақын Сабақбай Тілегенұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманқос Ертілеуовтер Елбасы жолдауы жайындағы өз ойларын айтты.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы