Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Агенттік өкілдері ауданға келді.
Добавлено: 24.10.2018
қаралды: 41

Бүгін қара шаңырақ Маңғыстау ауданының орталығы Шетпеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы Республикалық арнайы мониторинг тобының мүшелері келді. Мақсат – Елбасы Жолдауын ауылдықтар мен мемлекеттік қызметкерлер арасында кеңінен насихатту және де  жемқорлықты алдын алу түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Құрамында ақын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры  Арман Тілектесұлы Бердалин, қоғам қайраткері, «Алтын орда» компаниясының басшысы Ырза Тұрсынзадақызы және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департамент директорының орынбасары Қайрат Бәйгебаев және топ мүшелері алдымен аудан активімен кездесті.

Кездесуді аудан әкімі Ж.Айтуаров ашып жүргізді. Бұдан соң А.Бердалин сөз алып : «Кезкелген мемлекеттік қызметкер өзінің әдеп этикасын сақтау тиіс. Сөйлеген сөзі мен істеген ісіне жауап беруі керек. Елбасы өткен жылғы жолдауда елімізде мемлекеттік аппараттың біліктілігіне ерекше тоқталған еді. Сондықтан мемлекеттік қызметшінің төл міндеті ол халыққа адал  қызмет ету. Биылғы жылдың өзінде еліміз бойынша  1500 ден астам сыбайлас жемқорлық фактісі тіркелген. 100 млрдтан астам ақша бюджетке қайтарылды. Міне біздің жұмысымыздың жемісі осында жатыр.» деді.

Осындай жиын түстен кейін Шетпедегі Маңғыстау техникалық колледжінің студенттері мен ұстаздарымен алқалы жиында жалғасты.

Бұл кездесуде Ырза Тұрсынзадақызы сөз алып Жастарға патриоттық рухта әңгіме өрісін кеңейтті. «Жастар елдің ертеңі сіздер елдің тұтқасын ұстаған соң сіздерге деген мол сенім артуда. Сіздер рухани жағынан бай болуға тиіссіңдер» деген жігерлі сөздерін арнады.

Топ мүшелері одан әрі Шетпеде салынған №7 мектеп лицейінде болды.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы