Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
«Ән арқау» әуелетті
Добавлено: 22.10.2018
қаралды: 43

Бүгін Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудан орталығы Шетпедегі балалар өнер мектебінде  Маңғыстау аудандық жастар ресурстық орталығының және аудандық балалар  өнер мектебінің ұйымдастыруымен  дәстүрлі «Ән арқау» атты жас орындаушылардың аудандық ән байқауы өтті. Байқауға ауданның әр түкпірінен он беске жуық жас орындаушылар қатынасты. Шараның басты мақсаты - жергілікті сазгерлердің шығармаларын насихаттау, патриоттық сезімді күшейту, ән өнеріне деген  махаббатын нығайту, жас ұрпақты патриоттық бағытта  тәрбиелеу, сондай ақ жас орындаушыларға қолдау таныту болып табылады. Биылғы өткізілген байқауда ауданның 90 жылдығына арналып, марқұм болған сазгерлер Талғат Атшыбаев, Қыдырбай Тұрмағанбетов, Сағынғали Нұрғожаевтың шығармашылығына арналды. Үш тұлға да өлкеге, тіпті елімізге танымал тұлға. Үшеуінің 200 ге жуық әндері бар. Бүгінгі байқауға  қатысушылар байқау шарты бойынша екі әнімен келді. Біріншісі міндетті түрде үш сазгердің бір әнін ала келсе, ал екіншісі патриоттық ән болуы керек.  Байқауға дәстүрлі ән немесе эстрадалық әндер қатыстырылды.

Байқаудың шымылдығын Жастар орталығының басшысы Аллаберген Қонарбаев құттықтау сөзбен ашты. А.Қонарбаев : «Бүгінгі өткізіліп отырған патриоттық шара қатарынан бесінші жыл өткізіліп отыр. Жастар байқауға белсенді әрі жүйелі қатысып келеді. Бізді қуантатыны сол болмақ. Барлығыңызды «Рухани кеш» мерекесімен құттықтаймын.» деді.

Құрамында сазгер, әнші Самат Шаухаров бастаған бір топ өнер майталмандары әділқазылық етті.  Әділқазылар алдымен байқауда қатысушы  өнерпаздың дауысына, киіміне, ән айту стиліне  назар аударды. Үш сағатқа созылған байқау тартысты да тартымды өтті. «Әлемде талай жүйрік бар, әліне қарай шабатын» демекші  байқау соңында  бірінші орынды Шетпе лицейінің жас таланты Баулы Мерей, екінші орынды жас әнші Шетпедегі 7 лицей мұғалімі Сайынова Айгерім, ал үшінші орынды Онды ауылының жас әншісі Қарабалаева Сымбат иеленді. Жүлдегерге ұйымдастырушылар атынан бағалы сыйлықтар табысталды.

Шара соңында Самат Шаухаров сөз алып : «Бүгінгі шара жоғары дәрежеде өтті деп ойлаймын. Үшталантты сазгерді мен жақсы танимын. Олардың әндерін Қазақ радиосының «Алтын қорында» сақтаулы. Бүгін соның 20 ға жуығы орындалды. «Ақын оқырманы болмаса жетім болар, сазгер  орындаушысы болмаса  жетім болар» демекші менің де жас орындаушылар табылып ән әлемінде қалықтап жүрсе бізге одан артық бақыт болмас дер едім. Болашағына үлкен үміт күттіретін жастарды көріп көңілім бір серпіліп қалды. Артымыздан еріп келе жатқан өнерпаз жастардың көбеюі мен үшін зор байлық.Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. » деді

Шарада жеңімпаздарға заттай сыйлықтар берілсе, сондай ақ барлық байқауға қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді. 


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы