Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру жеңілдетілді
Добавлено: 04.10.2018
қаралды: 385

Egov.kz электрондық порталы арқылы жүргізуші куәлігін алу механизмі жеңілдей түсті. Енді азаматтар жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін онлайн өтінім жолдаған кезде екінші деңгейлі банк арқылы мемлекеттік бажды төлегені туралы чектің мәліметтерін енгізсе жеткілікті.

  Ол үшін қызметке онлайн тапсырыс берген кезде төлем қадамында «бұрын төленді» деген белгі қою керек. Кейін чек бойынша мына деректерді енгізу қажет: салық органы, банктің БСК, төлем күні, КБК, ТТК және төлем сомасы. Содан кейін табылған чекті таңдап және ЭЦҚ арқылы сұранымға қол қою қажет.

  Бұрын бұл қызметті портал арқылы алғанда, онлайн өтінім жіберген кезде ғана төлеу керек болатын.

  Еске сала кетейік, жүргізуші куәлігін онлайн алу қызметі биыл наурыз айында іске қосылды. Қызметті алу үшін қолданушы egov.kz арқылы өтінім толтырып, электрондық цифрлық қолтаңбасын қою керек. Өтінімге фотосурет және қолтаңбаның скан-көшірмесін тіркеу қажет. Кейін дайын хабарлама мен төлем чегі қағазға басып шығарылып, өнеркәсіптік аймақ 9, 57-ші учаскесі мекен-жайында орналасқан мамандандырылған ХҚО-ға ұсынылады.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы