Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
«Маңғыстау облысының әдеп жөніндегі кеңесінің 2018 жылдың I жартыжылдығында жүргізілген жұмыстарына талдау» тақырыбын талқылау аясында отырыс
Добавлено: 05.10.2018
қаралды: 10

28 қыркүйекте 2018 жылы Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысындағы әдеп жөніндегі кеңесінің 2018 жылдың I жарты жылдығындағы жүргізілген жұмыстарына талдау» тақырыбын талқылау аясында отырыс өткізілді.

Отырыс барысында Департамент басшысы Тлектес Атчибаева Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің 24.09.2018 жылғы № 3-12-3055 санды шығыс хатында көрсетілген Маңғыстау облысындағы жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының 2018 жылдың I жарты жылдығындағы жұмыстарына жүргізілген талдау қорытындысымен таныстырылды.

Сонымен қатар, Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі Жетыбай Акмаганбетов Қазақстан Республикасы Президенттінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексімен және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі қызметкерлерінің іскерлік стилін, жалпы қабылданған рухани-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге, қарапайым болуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын аса қолдануға және пайдаланбауға және әлеуметтік желілерді жағымсыз пікірлер қалдыруға, өз парақшасында құпия немесе жабық ақпаратты жарияламауы, қазіргі Конституциялық құрылымды өзгертуге, сепаратизмге немесе егемендіктен бас тартуға шақыратын қолданушыларды достар тізіміне қабылдамауға, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары бойынша әдістемелік ұсынымдарды, өз қызметтік міндеттерін орындау барысында қолдануға және мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік-құқықтық қорғалуына мүмкіншілік берілетіндігін хабардар етіп мінез-құлық стандарттарын сақталуына тоқталып өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша Департамент мамандарына мемлекеттік қызметшілердің ресми этикасының нормаларын сақтау, мемлекеттік қызметтің имиджін арттыру, қызметте сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу туралы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу бойынша талаптар қойылды.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы