Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Жас ақындар мүшайрасы
Добавлено: 08.10.2018
қаралды: 33

Бүгін Маңғыстау  ауданының 90 жылдығына орай мерейлі  мереке қарсаңында Шетпедегі Б.Жұмалиев атындағы орта мектепте аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Абыройы асқақ Маңғыстау» атты аудандық жас  ақындар мүшайрасы болып өтті. Мүшайраға жиырмаға жуық ауданның әр түкпірінен жас ақындар қатысты.

Ақындарға  Қазақстан журналистер одағының мүшесі ақын, суретші, сазгер Бірғали Байекеев, Жастар орталығының басшысы, ақын - журналист Аллаберген Қонарбаев, бірнеше кітаптардың авторы, ақын тілші Ағилаш Өміровалар қазылық жасады. 

Мүшайраға қатысушы ақындар ауданның 90 жылдығына арналған жырларын ұсыну болды.

Биылғы жылдың аудан бойынша басты мерекесі саналатын Маңғыстау ауданының 90 жылдығын арналған жас ақындар мүшайрасында бірінші орынды Жармыштық  мектеп оқушысы Есенғалиева Фатима , екінші орынды Түпқараған ауданының тұрғыны, Жыңғылды ауылының тумасы Айболған Шопанова, ал үшінші орынды Жыңғылды ауылының тумасы Қанаш Ерасыл иеленді.

Шара соңында барлық жас ақындар ұйымдастырушлар тарапынан алғыс хаттарға ие болды. Келген жас ақындар барлығына Алғыс хаттар мен сый сияпат көрсетілді.

«Мен  мүшайраға қуана қуана қатыстым. Өйткені ауданның 90 жылдық  мерекесін жырға қосу мен үшін азаматтық борышым. Жыл сайын облыстық мүшайраға қатысып келемін. Мүшайраға ризамын, әділ өтті. Алдағы уақытта осындай мүшайралар өтіп тұрса нұр үстіне нұр болар еді. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Мереке құтты болсын.» Б.Жұмалиев атындағы орта мектеп оқушысы Қадірбек Тасқара


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы