Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Жыңғылыд жастары - Құнан ата басында
Добавлено: 05.10.2018
қаралды: 95

  Бүгін «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басшылыққа ала отырып  Маңғыстау ауданының 90 жылдығы қарсаңында Маңғыстау аудандық Жастар орталығының ұйымдастыруымен аудандық білім бөлімінің қолдауымен  мектеп оқушыларының тарихи танымдық жан дүниесін күшейту және мемлекеттік бағдарламаны жастар арасында кеңінен насиахттау үшін жастардың танымдық шарасы өткізілді.

Осы орайда Маңғыстау ауданына қарасты Жыңғылды ауылының жастар арасында  тарихи-танымдық шаралармен айшықталуда. Жыңғылдылық жас өрендер осы орайда киелі орындарға саяхат жасап, елжандылық сезімін нығайтты. Аудандық Жастар орталығының  ұйымдастырған саяхатта 30 ға жуық оқушы Жыңғылды ауылының маңындағы Құнан ата қорымына арнайы сапар шекті. Шара барысында жастарға киелі орынның тарихы мен өткен өмірі жайында Жастар орталығының басшысы А.Қонарбаев пен Жыңғылдыдағы Есір Айшуақұлы атындағы орта мектептің  директордың орынбасары Лиза Шалбарбаева кеңінен айтып таныстырды.

  Құнан ата қорымында жастар Маңғыстаулық күйші Есір Айшуақұлы,  төбе би Құлыш би, ақын шешен Даңұлы Тай ата  зираттарына бас сұқты. Бұл Құнан ата әулие басында түлеген түбектегі осы қалай деген мықтылар жерленген қасиетті орын. Есір Айшуақұлы – халық күйшісі. Ол 18 ғасырда өмір сүрген атақты күйші. Оның «Ақжарма», «Есір» күйлері ел арасында кеңінен таралған.  Шарада жастарға қорымдағы Маңғыстау билерінің төбе биі ,өлкедегі тұңғыш  қажы Құлыш қажының зиратының басына да барып, құран бағыштады. Одан соңжастар Даңұлы Тайдың басына барып Тай атаның тарихымен кеңінен танысты. 

«Мазмұны терең іс-шара «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында Құнан ата қорымында өтті.  Бүгінгі өткізген шараның маңыздлығы жастар мен ұстаздар үшін өте жоғары. Мен осындай іс шаралардың жиі қолға алынып, өтуін қолдаймын. Шараны ұйымдастырушы Жастар орталығы ұжымына алғысым шексіз» дейді Есір Айшуақұлы атындағы орта мектептің  ұстазы Мейіржан Есенов.. 


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы