Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
«Киелі жерлерге тағзым»
Добавлено: 02.10.2018
қаралды: 111

  Бүгін «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басшылыққа ала отырып  Маңғыстау ауданының 90 жылдығы қарсаңында Маңғыстау аудандық Жастар орталығының ұйымдастыруымен аудандық білім бөлімінің қолдауымен  мектеп оқушыларының тарихи танымдық жан дүниесін күшейту және мемлекеттік бағдарламаны жастар арасында кеңінен насиахттау үшін жастардың танымдық шарасы өткізілді.

Осы орайда Маңғыстау ауданына қарасты Шебір ауылының жастар арасында  тарихи-танымдық шаралармен айшықталуда. Шебірлік жас өрендер осы орайда киелі орындарға саяхат жасап, елжандылық сезімін нығайтты. Аудандық Жастар орталығының  ұйымдастырған саяхатта 50 ге жуық оқушы Шебір ауылының маңындағы Қаратөбе қорымына арнайы сапар шекті. Қаратөбе қорымында жастар Досан батыр,Шотан батыр, ақын Абыл Тілеуұлы  зираттарына бас сұқты. Бұл Қаратөбе әулие басында түлеген түбектегі кіл мықты ақындары мен батырлардың жерленген қасиетті орны. Досан Тәжіұлы халық батыры.Ол 1867 жылдары орыс патшалығна қарсы шыққан халық батыры. Оның жанынында батыр Иса Тіленбайұлы екеуі орыстарға қарсы тұрып, патшалыққа бағынбайтындығын ашық айтқына батыр. Ал Шотан Назарұлы да 15 жасында ел бастаған халық батыры. Адайдың Жары тақтасының ішінен шыққан бала батырлардың бірі. Ал Адайдың бес жүйріктің қатарына өзінің өнерімен ақындығымен көзге түскен Абыл ақыннның да Маңғыстау халқы үшін еңбегі ерекше. Жастар акция аясында  осындай түбекке танымал тұлғалардың өткен өмірі мен ерлігі жайында естіп білді. 

«Мазмұны терең іс-шара «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында Қаратөбе  қорымында өтті.  Бүгінгі өткізген шараның маңыздлығы жастар мен ұстаздар үшін өте жоғары. Мен осындай іс шаралардың жиі қолға алынып, өтуін қолдаймын. Шараны ұйымдастырушы Жастар орталығы ұжымына алғысым шексіз» дейді Қаратөбе орта мектебінің ұстазы Альфия Батырова. 

Дина Жолдасбайқызы

Жастар орталығының маманы

Маңғыстау ауданы.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы