Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Туған жерге тағзым.
Добавлено: 01.10.2018
қаралды: 33

Бүгін Маңғыстау ауданына "Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар" "Туған жер" бағыты аясында Мұнайлы ауданының "Жас саяхатшы" тобы қонаққа келді. "Туған жерге тағзым" ұранымен ауданға келген Мұнайлы ауданының жастары алдымен Шетпедегі С.Қондыбай аындағы облыстық мемориалдық мұражайына бас сұқты. Мұнайлылық жастарды  бастап аудан әкімінің орынбасары Берік Біләлов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Сара Ноғаева, аудандық жастар орталығының басшысы Гүлмира Себепбаева және ауданның жұмысшы жастары келді.

Қонақтарды аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Аллаберген Қонарбаев пен мұражай директоры Рима Бердиева қарсы алды. Жастар мұражайдағы С.Қондыбай мұрағатымен кітаптары, өзі тұтынған заттарын, сондай-ақ фәлсәфалық дүниелерін тамашалады. Бұдан соң Мұнайлылық жастар Маңғыстаудағы биік шоқы Отпан тауға келді. "Отпан" тарихи-мәдени кешенінде жастар өлкенің мәдениетімен тарихы жайында және де өнерімен ұлттықи салт-дәстүр, қол өнер шеберлерінің бұйымдарымен кеңінен танысты.
 
Кешен ішінде жастар естелік суретке түсті. Сапар барысында Мұнайлы жастары Айрақты, Шерқала таулары, "Көгез" этно ауылында болып, өлкенің киелі және әсем табиғаты бар жерлермен танысты. Айта кету керек бұған дейін Мұнайлы жастары Түпқараған ауданында болды. Маңғыстау ауданынан кейінгі сапар Қарақия ауданында жалғасатын болады.
Биыл қара шаңырақ Маңғыстау ауданына 90 жыл. Осы орайда Мұнайлы жастары өздерінің ақ жарма тілектерін арнап, сапарға орай өз ризашылықтарын білдірді. 

«Мен Маңғыстау ауданына бірінші рет келіп тұрмын. Қасиетті ауданның биыл 90 жыл толып отыр. Аудандағы киелі орындар мен әсем жерлер маған қатты ұнады.» дейді Қызылтөбе ауылындағы  орта мектебінің мұғалімі Оспан Тұраров.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы