Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Қалдырған ізің мәңгілік.
Добавлено: 24.09.2018
қаралды: 99

Жуырда осындай тақырыпта Шебір ауылындағы ауылдық мәдениет үйінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Туған жерге тағзым" жобасы негізінде Маңғыстаулық ардақты ұстаз, ҚР Білім беру ісінің үздігі, асқар таудай әке Сүйіндік Түйебайұлының жерге түскеніне 10 жыл толуына орай еске алу кеш өтті. Кешке С.Түйебаевтың әріптестер мен замандастары, шәкірттері мен өзі білім алған Шебір ауылындағы Қаратөбе орта мектебінің ұстаздары,ағайындары келді.

Шараның шымылдығын шәкірті, аудан әкімінің орынбасары Ерболат Махмутов ашып : «Сүйіндік ағай мағана 9 сыныпта жүрген кезімде тарих пәнінен сабақ берді. Ағайдың адамгерішілік қасиет тым жоғары еді.Сабақты түсіндіру әдісі, ұығынықты тілі, жан жақты атуы  шын мәнініде пәннің бала жүрегіне қалай жол таба білетіндігі барша  шәкірттерді алаңдататын еді. Бүгін  міне еске алу шарасына келіп тұрымз. Уақыт та зулап өтіп жатыр. Күнікеше ғана арамзыда жарқылдап жүрген атпал азамат еді жастай кетті. Елу бес жас деген ер азаматқа дым да емес. Сондықтан әруағы жапр олып, ұрпақтары аман болсын.» деді.

  Ел алғысын арқалаған Түйебаев Сүйіндік Түйебайұлы 1953 жылдың 3-ші шілдесінде Маңғыстау ауданы Орта - Еспе елді мекенінде дүниеге келген. 1970 жылы Маңғыстау ауданы, Шетпе селосындағы №2 Б.Жұмалиев орта мектебін бітірді. 1970-74 жылдары Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының тарих факультетінде оқыды. 1974 жылы алғашқы еңбек жолын өзінің туып-өскен өңірі Тұщықұдық совхозындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі мамандығымен бастады. 1976 жылы Маңғыстау ауданы орталығы Шетпеде №3 орта мектептің ашылуына байланысты, жас маман ретінде жұмысқа шақырылды. 1979ж Шетпеде орналасқан №1 сегіз жылдық мектепке оқу ісі меңгерушісі қызметіне ауыстырылды. 1981 жылы аудан орталығында орналасқан №2 орта мектепке директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды. 1984-86 жылдары №3 орта мектепте мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, 1986-1995 ж Шетпе -1-де орналасқан кәсіптік-техникалық училищеде мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. 1995-1999ж Маңғыстау аудандық білім бөлімінің эстетикалық тәрбие жөніндегі әдіскері, 1999-2002ж Аудандық білім бөлімінің бас маманы қызметтеріне тағайындалды. 2002-2006ж аралығында №3 орта мектептің директоры қызметін абыроймен атқарды. 2006 жылдан өмірінің соңы 2008 жылдың 27-ші маусымына дейін Маңғыстау ауданының үйлестіру орталығының директоры болды. Сүйіндік Түйебайұлы «Ұстаз» деген құрметті атаққа ие болумен қатар, қәдірлі де, қарапайым өз ісінің шебер маманы болды. Еңбек жолының біраз жылын оқытудың талаптарын терең меңгерген, педагогикалық жұмыстың қыры мен сырының мән-мағынасын анықтай алған, шығармашылдық пен жұмысты ұйымдастыра білген басшы ретінде озат тәжірибесін әріптестеріне үйрете білді. Еңбек жолын саналы ұрпақ тәрбиелеумен қатар, педагогикалық ұжымды басқаруға арнаған Сүйіндік Түйебайұлынан қалған ұлағат «Темірдей тәртіп», «Адал болу», «Адам болу». Өз ортасына сыйлы, ел алдында беделді, бар білгенін көпшілікке үйрете жүретін азамат, жас ұстаздардың тәлімгері, өзіне тапсырылған жұмысты аса жауапкершілікпен атқаратын, үлкен шаңырақтың Асқар тауы Сүйіндік Түйебайұлы Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатына ие болған, Маңғыстау ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған, Қ.Р. білім беру ісінің үздігі. Ұлағатты, асқар тау әкенің ұрпағы – ұлдары Айдоспен Айсерік жоғары білімді мұнайшылар болса, қызы Айзада жоғары білімді заң қызметкері. Келіні Клара жоғары білімді тарих пәнінің мұғалімі. Отбасында оқу үздіктері, озаттары бар. Құдайға шүкір бүгініг таңда Түйебаевтар шаңырағында 8 немере өсіп келеді.

Еске алу шарасында С.Түйебаевтың туысы Кенжеғали Байболатов,  ҚР білім беру ісінің үздігі Алдаберген Құрмашев, ұстаз ағасы Ермұхан Жаңбырбаевтар сөз алып С.Түйебаевтың азаматтық қалпы жайында  ойларын ортаға салды. А.Құрмашев: «Сүйіндік өте тәуір азамат болды. Сүйіндіктің қасында он шақты жыл қызметтес болдым. Сол он жылдың ішінде бірде бір рет оның қабақ түйіп немесе артық ауыз сөз атйқанын естімедім. Меносындай шәкірттерім болғаныма мақтанамын. Сүйіндіктің  киімінң тап тазалығы адамағ болсын деген ниеті ерекше жан еді. Ол ешуақытта «болмасын, болмайды» деген сөзді айтып көрмеген жан». деп еске алды.

Бұдан соң аудандық білім бөлімінің өкілдері бұрынғы әріптестері аудандық білім үйлестіру орталығының басшысы Сауле Бусаханова, облыстық С.Қондыбай атындағы мұражайдың басшысы Рима Бердиева, ҚР білім беру ісінің үздіктері Дина Ақжанова мен Аққалам Дүйсембаевалар сөз алып әріптестерінің ерекше қырлары жайында толымды пікірлерін айтты.

Жиын барысында С.Түйебаевтың сыныптас достары, замандастары  шежіреші Сегізбай Анес, журналист - блогер Жәнібек Қожық,  Ақтау қаласынан арнайы келген қонақтар Маңғыстау облыстық "Азаматтық Альянсы" ЗТБ президенті Жібек Ахметова, облыстық Коммунистік партия хатшысы Роза Махамбетова, "Жастар жетістікері" ҚҚ басшысы Жақсыгүл Маханбетовалар құттықтау сөз алды.

Шарада С.Түйебаев туралы деректі фильм көрестіліп, әндер айтылды.Шараны ҚР Журналистер одағының мүшесі, ақын ,тілші - Аллаберген Қонарбаев жүргізіп отырды.

Жиын соңында  от анасы, С.Түйебаевтың жесірі Рысгүл Игілікова мен балалары Айзада, Айдостар сөз алып келген қонақтарға, ағайындарыға өз алғыстарын білдірді. 


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы