Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Ауылым алтын бесігім
Добавлено: 14.09.2018
қаралды: 33

Биыл қара шаңырақ Маңғыстау ауданына 90 жыл. Осы орайда жыл басынан берін аудан көлемінде  түрлі мәдени спорттық шаралар ұйымдастырылуда.  Осы орайда күні кеше ғана Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылында ауданға қарасты ауылдардың өнер күндері өз шымылдығын түрді.

Аптаның берекелі бейсенбі күні аудан орталығындағы Орталық алаңда өткен іс шара шетпелік тұрғындарға керемет көңіл күй сыйлады. Концертті Шайыр, Жыңғылды, Тұшыбек, Жармыш ауылының өнерпаздары қойды. Аудандық мәдениет үйінің фойесінде қолөнер шеберлерінің көрмесі мен осы ауылдардан түлеген ақын-жазушылардың туындылары мен спортшы жастардың жетістіктері қойылды.

Көрме ішінде ерекше көзге түскен Шайыр ауылының тұрғыны, ақын Ақшагүл Рамазанованың ұлттық қол өнер бұйымдары көптің көңілінен шықты. Ақынның әсіресе қоғам қайраткері Д.Қонаевтың өзі ұстаған асық жілігі мен көптеген қазақтың  көне қыз жасаулары мен әсемділік бұйымдарын атауға болады. 

Содан соң орталық сахнаға аудан әкімі Жармағанбет Айтуаров құттықтау сөз алып: « Бүгінгі шара ауданнның торқалы тоқсаны жылдығы аясында өтіп жатыр. Шараға қолдау танытқан ауылдағы өнерпаздар мен қол өнер шеберлеріне алғысымыз шексіз.Елбасының «Рухани жаңғыру»  бағдарламасында қолөнер мен ұлттық құныдылықтарға  басымдық берілген. Сондықтан 90 жылдық тарихы бар біздің ауданның алар асулары алда. Мереке құтты болсын, ағайын» деді. 

Сахзнаға алдымен Маңғыстау өнерінің астанасы саналатын Шайыр ауылының өнерпаздары өнерлерін паш етті.Өнерпаздар ішінен әсересе ҚР мәдениет саласының үздігі, өнер қайраткері, әнші Алмажай Жарылғасовтың баянмен айтқан халық әні көпшілікке  ерекше әсер етті.  Бұдан соң Жыңғылды, Жармыш, Тұшыбек ауылдарынан келген жалынды жастар ән мен биден шашу шашты.  Концертке қатысқан  өнерпаздардың ұзын саны 100 ге жетсе,  екі сағатқа жуық өнерін паш етті.

Шара соңы керемет от шашулармен аяқталды.

«Бүгінгі шара жоғары дәрежеде өтті. Ауылдың мәдени өнерлі күндері  Шетпеде өтеді дегенді естігеннен соң ауыл жастары дайындалып, бар өнерлерін салуда. Ауданның 90 жылдығы мерекесі құтты болсын. Еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын.» дейді Жармыш аулының орта мектеп директоры, аудандық маслихат депутаты Сұлтан Қапашев. 


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы