Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
ІТ – сынып – Балалардың болашағы.
Добавлено: 11.09.2018
қаралды: 70

  «НұрОтан» партиясы Маңғыстау аудандық филиалының қолдауымен Шетпе ауылында орналасқан Б.Жұмалиев атындағы мектепте балаларға арналған тегін ІТ-сыныптың ашылуы болды.

Шараға «НұрОтан» партиясы Маңғыстау аудандық филиалының,  Маңғыстау аудандық жастар орталығының, Маңғыстау ауданы әкімі аппаратының, Аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, мектеп ұжымы және ата-аналармен оқушылар қатысты.
  Салтанатты шарада «НұрОтан» партиясы Маңғыстау аудандық филиалының қызметкері Ш.Барахатов, аудан әкімшілігінің қызметкері Л.Жонасовпен Жастар орталығының директоры, «Жас Отан» ЖҚ жетекшісі А.Қонарбаев «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «НұрОтан» партиясының бастамасымен жүзеге асып отырған балаларға арналған тегін ІТ-сыныптың ашылумен ұстаздарды,  ата-аналарды, оқушыларды құттықтап,  тілектерін арнады. Соны мен қатар, лентасын аудан әкімшілігінің қызметкері Л.Жонасовпен Жастар орталығының директоры А.Қонарбаев қиды.  Баршамызға белгілі Мемлекет басшысы, Партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2017 жылдың қараша айында партия Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында цифрландыруға қатысты тапсырмалар берген болатын. 
  Негізгі мақсат – еліміздің ақпараттық-цифрлық әлеуетін дамыту, жаңаша ойлайтын зияткерлік ортаны қалыптастыру, жоғары деңгейдегі ІТ мамандарын дайындауға үлес қосу. Елбасы бұл бағытта «Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл - маңызды кешенді міндет» деген болатын. 
Осыған сәйкес, Қазақстанның экономикалық, саяси және рухани жаңғыруына жан-жақты қолдау көрсетудің жаңа тетігін қалыптастыру бағытында Партия жаңа жобаларды жүзеге асыруды қолға алды. Олардың қатарында бүгін өзіміз ашылуына куә болып отырған «балаларға арналған тегін ІТ-сыныптарын» ашу жобасы да бар.

Бұған дейін ауданда Жыңғылды ауылындағы С.Нұрниязұлы атындағы облыстық мектеп интернатында, Шебір ауылында Қаратөбе орта мектебінде ашылды.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы