Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Ауыл жастары білімдері бойынша сынға түсті.
Добавлено: 12.09.2018
қаралды: 27

Бүгін Маңғыстау ауданының 90 жылдығына орай аудандық мәдениет үйінің үлкен фойесінде «Маңғыстау аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен аудандық білім бөлімінің  қолдауымен «Не? Қайда? Қашан?» атты жастар арасында зияткерлік ойындарының жартылай финалынан жарыс өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Маңғыстау ауданының 90 жылдығының  маңыздылығын ойыншыларға түсіндіру, жастарға қазақстандық патриотизмді насихаттау,  бойына жауапкершілігі мол, ой-өрісі кең, қисынды пайымдап қоймай, маңызын ерекшелейтін жастар мен ойыншылардың көшбасшылық бейнесін қалыптастыру. Аудан жастарының білімін шыңдау Маңғыстау ауданының  тарихы мен өткенін ұрпақ жадында сақтау, құрметтеуге шақыру болып табылады.   

Ширек финал ойынына  Шетпе лицейі, Шебір ауылының Қаратөбе мектебі,Тұщықұдық ауылынан С.Жанғабылов мектебі,  Шетпеден А.Мендалыұлы атындағы орта мектеп оқушылармен жас мамандары қатысты. Жарыс үш бөлімнен құралды. Олар «Зияткерлік шың», «Бейнесұрақ», «Қара жәшік» деген бөлімдер.

Төрт топтың ойындары өте қызық өтті. Ойыншылар міндеті тек көшбасшылық қасиетін көрсетіп қана қоймай, командалық жұмысын көрсету еді. Бәрі де ойдағыдай ұйымдастырылды. Бірнеше сағатқа созылған ойында Жас мамандардың ең көп сұраққа жауап берген «Шерқала» командасы мен оқушылар  тобынан «Қаратөбе» финалға жолдама алды

Аталмыш  ойынның финалы қазан айында ауданның 90 жылдығына орай өткізу жоспарланып отыр.

«Бүгінгі шара өте жақсы және қызықты өтті. Мен білмейтін дүниелер көп ақ екен әлі. Алдағы уақытта осындай санамызды ашатын, көңіл көкжиегімізді көкірек көзін оятатын шаралар көптеп болса екен деген тілегім бар. Биылғы жылы аталып өтетін мереке құтты болсын, ағайын.» дейді Шебір  ауылындағы Қаратөбе орта мектебінің жас маманы Эльвира Батырова.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы