Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
«Киелі жерлерге тағзым»
Добавлено: 10.09.2018
қаралды: 32

  Бүгін «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басшылыққа ала отырып  Маңғыстау ауданының 90 жылдығы қарсаңында Маңғыстау аудандық Жастар орталығының ұйымдастыруымен аудандық білім бөлімінің қолдауымен  мектеп оқушыларының тарихи танымдық жан дүниесін күшейту және мемлекеттік бағдарламаны жастар арасында кеңінен насиахттау үшін жастардың танымдық шарасы өткізілді.

Осы орайда Маңғыстау ауданына қарасты Өтес ауылының жастар арасында  тарихи-танымдық шаралармен айшықталуда. Өтестік жас өрендер осы орайда киелі орындарға саяхат жасап, елжандылық сезімін нығайтты. Аудандық Жастар орталығының  ұйымдастырған саяхатта 30 ға жуық оқушы Өтес ауылының амыңндағы Сисем ата мен  15 км қашықтықта орналасқан  Бегімбет Қаракісі қауымдығына арнайы сапар шекті. Сисем ата – б.з.д 8-11 ғасырда өмір сүрген дін таратушы киелі адам. Маңғыстауда жерленген атақты әулиелердің бірі. Бұл пантеон  түлеген түбектегі кіл мықты билер мен батырлардың жерленген қасиетті орны. Ал Қаракісі қауымы. 18-19 ғасырда өмір сүрген  Руы Адай Бегімбет Қонысбайұлы Қаракісі Маңғыстау өңірінде өмір сұрген бай, жомарт жан болған. Қаракісінің көзі тірі кезінде «мені Қонайдың Үйігіне барып жерлеңіздер» деген екен  аманаттап. Бірақ сүйек арқалаған қара маясы  қазіргі Қаракісі жатқан жеріне шөгіп тұрып алған деседі. Содан сол жерген қойылған мыс. Мінес осындай тарихы терең  киелі жерлерге жастарды апару ең жауапты  іс болды. 

«Мазмұны терең іс-шара «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында Сисем ата қорымынан бастау алдық. Бұл аталмыш шараның мақсаты - ашық аспан астындағы мұражай атанған өңірдің баламасыз жәдігерлерін ауыл жастарына  насихаттау болып табылады. Елбасының бағдарламасында жас ұрпаққа туған жердіің тарихы мен өткенін таныту, киелі жерлерді көрсету бүгнігі күнгі аға ұрпақтың  басты парызы деген болатын. Сондықтан бүгінгі өткізген шараның маңыздлығы жастар мен ұстаздар үшін өте жоғары. Мен осындай іс шаралардың жиі қолға алынып, өтуіне қарсы емеспін. Өтес ауылында тұрсақ та Сисем атаға барып көрмеген жастар баршылық екен. Ұйымдастырушы Жастар орталығы ұжымына алғысым шексіз» дейді Өтес орта мектебі директорының оқу ісі жөнінідегі орынбасары Гүлсім Нәдірова. 

Ия, осындайтағылымды тәрбиесі мол шараны жие өткізу жас ұрпақтың бойына патриоттық сезімін күшейтуге  жол ашатыны сөзсіз.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы