Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
САЛАУАТТЫ ТҰЛҒА БОЛ!
Добавлено: 10.09.2018
қаралды: 59

  Осындай ұранмен өткен  сенбіде аудан орталығында республикалық «Денсаулық фестивалі 2018»  шарасы өтті.
Шарада «Ностальжи» жастар кафесінен бастап орталыққа дейін 5 шақырымдық жас марафоншылар  «Салауатты қазақстан» туын ұстап орталық көшелермен жүгіріп келіп  орталықтағы жастарға табыстады. Ту ұстаған жастар одан әрі орталық алаңға қарай бет алып марафонды жалғастырды. Аталмыш марафонға 100 спортшы жастар,  медицинаның жас мамандары мен ұстаздар қауымы белсенділік танытты.

  Орталық алаңда оларды спорттық киім киген «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы, аудан әкімдігі, аудандық жастар  орталығы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары аудандық филиалы,  жастар саясаты орталығы  спорт және дене шынықытыру бөлімі секілді мекемелердің қызметкерлері жоғары көңіл күймен қарсы алды.  Денсаулық фестиваліне қатысушылар алаңға көп жиналды. Жалпы саны үш жүзге тарта спортты жанынна серік еткен спортшы қауым орталық алаңда сап түзеді.

Қазақстан Республикасының Гимні орындалып, “Денсаулық Фестивалі-2018” салтанатты жиынды аудан әкімі Ж.Айтуаров құттықтау сөзбен ашты.

– Елбасының жыл сайынғы Жолдауларында қалың елдің салауатты өмір салтын ұстануы мен спортпен шұғылдануына айрықша көңіл бөлініп келеді. Қоғамның басты байлығы –адам болса, адамның басты байлығы-денсаулық. Бүгінгі денсаулық Фестивалі көпшіліктің салауатты өмір салтын ұстануына бастайды,-деді аудан әкімі. Денсаулық акциясы барысында өткен гимнастикалық билер,  қол күресі, арқан тарту, гір көтеру, сияқты спорттық ойындар ұйымдастырлды.

Барлық жүлдегерлерге облыстық салауатты өмір салтын қлаптастыру орталығы, жастар саясаты ортлағы және спорт бөлімі  атынан сыйлықтар табысталды.

Адам денсаулығына байланысты акцияның өз деңгейінде өтуіне аудандық Ш.Бөлтекұлы атындағы спорт кешені мен мәдениет үйінің көркемөнерпаздарының қосқан үлесі зор болды.

«Бүгінгі шараға 500 ге жуық астам жастар қатысты. Бұл көрсеткіш жастар денсаулығын арттыруда маңызды болды. Өйткені жылына бір ақ рет болатын салауаттылық шарасы денсаулықтың қадірін ұғындырып түсіндіргендей болды. Спорттық іс шарада арқан тарту, қол күресі, марафон, гір тасын көтеру байқауларына өз басым белсенді қатыстым. Бүгіннен бастап өзім енді таңертең күнде  жүгіруді  мақсат етіп отырмын. Мен осылайша Елбасының саясатына сүбелі үлесімді қоспақпын» дейді Ш.Бөлтекұлы атындағы спорт кешені директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары  Аманжол Мұхамеджанов.



Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы