Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Бард ақын - Данияр Аралбайұлы
Добавлено: 07.09.2018
қаралды: 80

Бүгін Маңғыстау аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Lectorium" жобасы аясында Маңғыстау ауданының 90 жылдығы қарсаңында, елімізге танымал сазгер,  өнер жанашыры, әнші, ҚР Мәдени саласының үздігі, бард ақыны - Данияр Аралбайұлымен кездесу өтті. Кездесу Шетпедегі 50 жылдық тарихы бар ғалым Берекет Жұмалиев атындағы орта мектепте ұйымдастырылды. Кездесу сұхбатты орталық басшысы Аллаберген Қонарбаев жүргізді.

Кездесуге аудан жастары мен бірге осы мектептің  жоғары сынып оқушылары мен ұстаздары , «Жас отан» ЖҚ  мүшелері қатыстырылды. Кездесуде Данияр Аралбайұлы өзінің шығармашылық еңбек және өмір жолы жайында өз ойларын ортаға салды.

Данияр Аралбайұлы -  1949  жылы Маңғыстау ауданы, Ұштаған ауылында дүниеге келді.  1971жылдан қасиетті өнер ауылына бас сұғып, сахнада ән айтып келеді. 1971 - 1987 жылдар аралығында  білім беру саласында, 1987  - 2004 жылдары аралығында Мұнайлы аудандық мәдениет бөлімінде меңгерушісі, 2004 – 2007 жылы аралығында облыстық тілдер басқармасында бөлім басшысы қызметтерін абыройлы еңбек етті. 2007 -2017 жылдар аралығында «Отпан» МКК директор орынбасары қызметінде болды. Д.Аралбайұлы  - түбекте тұңғыш рет вокалды аспаптар ансамбль негізін салды. ҚР мәдениет саласының үздігі, 1.2 бүкіл одақтық өнер фестивалдарының лауреаты атанды. 

Кездесуде  ауыл жастары  өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты. Шарада Данияр Аралбайұлы «Қарагөз», «Соқ, барабан» әндерін жастарға нақышына келтіре орындады.

Жиын соңында жастар мен тұрғындар Данияр Аралбайұлымен естелік суретке түсті.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы