Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Бес бастама талқыланды
Добавлено: 07.09.2018
қаралды: 58

Бүгін аудан орталығы Шетпе ауылының Маңғыстау ауданы әкімдігінің  үлкен мәжіліс залында ауқымды жиын өткізілді. Жиын бағыты - біздің қоғамның әлеуметтік бірлігін нығайту үшін жігерімізді жанып, нақты іске кірісуге шақырған Президенттің бес әлеуметтік бастамасын жан жақты түсіндіруге арналды. Мәжіліске ауыл әкімдері, мемлекеттік органның өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйым өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және жастар қатысты.

Елбасы Н.Назарбаев мырза наурыз айында бес бастама жайында: «  Біз оны ауқымды әлеуметтік жобалар арқылы жүзеге асырамыз. Мемлекет осындай түбегейлі шараларды қолға алады.    «Қазақстан - біздің ортақ үйіміз» деген идея жаңа мағынамен толыға түсуге тиіс.   Жаңа ұсыныстардың маңыздылығын ескеріп, мен әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын әрі қарай жақсарта түсуге бағытталған жаңа әлеуметтік бастамаларымды өздеріңізбен талқыладым.  Бірден айтайын: бүгін айтылатын ұсыныстың бәрі - есеп-қисабы мұқият жасалған бағдарлама. Бұл - елдің игілігіне арналған ұтымды, сонымен қатар, оптимистік жоба. Мен өркендеген Қазақстан - ең алдымен мемлекеті өзін қорғап,  қолдайтынын, қамқорлық жасайтынын сезінетін, тиісінше елін жан жүрегімен сүйетін, өздеріне сенімді адамдар деп санаймын. Сол себепті, біз бүгін жаңа, ауқымды әлеуметтік жобаларға жол ашамыз. Қымбатты достар! Біз бүгін әлеуметтік жаңғыру жолында жаңа, ауқымды қадам жасауға дайынбыз.» деген еді.

Әкімдікте өткен аталмыш маңызды жиынға «Президенттің Бес әлеуметтік бастамасына» аймақты дамыту бойынша өңірлік консультативтік кеңестің және «Жастар жетістіктері» ҚБ төрайымы Маханбетова Жақсыгүл Шахзадақызы, ҚР Ұлттық банкі Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары Нұрлан Алтынмергенұлы Сүгіров пен бас маманы Нұрлан Гимиранұлы Хафиз арнайы келіп, қатысты.Жиынды аудан әкімі Ж.Айтуаров ашып, жүргізді.

Жиында Ж.Маханбетова бағдарлама бойынша аймақта атқарылып жатқан жұмыстардың жайын талқылап, қойылған сұрақтарға нақты жауаптарын берсе,  ҚР Ұлттық банкі Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары Нұрлан Алтынмергенұлы Сүгіров пен бас маманы Нұрлан Гимиранұлы Хафиз «7-20-25» бағдарламасын бүге шегесіне дейін кеңінен түсіндіріп берді. Шара соңында ауыл тұрғындары өз сауалдарын қойып, нақты жауаптарын алды.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы